10:17
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

КИММЕРИЙ ПАТШАЛАРЫ ТУРАЛЫ МИФТЕР

Көшпелі скиф тайпалары Азияны мекендеген. Массагеттер әскер күшімен өздерін ол жақтан тықсырып шыққанда, скифтер араксқа жылжып, киммерий жеріне кіреді. Жұрттың айтуынша, қазіргі скифтердің қонысы атанған жер бұрын киммерийлердікі болған. Скифтер ел шетіне таяп келгенде киимерийлер қисапсыз жау әскеріне қарсы не амал қыламыз деп кеңес құрады. Сонда пікір айтушылар екіге жарылады.

Қарапайым халық мұндай саны көп жаумен шайқасуды қажетсіз деп біліп, шегінгенді жөн көреді. Дұрысында, осы ежелгі екі халықтың арасында соғыс болмай келгендігі скифтер мен киммерийлердің туыстығы себебінен еді. Сондықтан да киммерийлер ақылдасып, туыстар арасында қантөгісті болдырмауға тырысады. Патшалар, керісінше, туған жерді басқыншылардан жанқиярлықпен қорғау керек деп есептейді. Өйткені, олар жерін қалдырып кетсе, өз биліктерінен айрылатын еді.

Сонымен, халық патшалардың шешіміне құлақ аспады, ал патшалар халыққа бағынғысы келмеді... Туған жерде керемет бақытқа кенелген патшаларға Отанынан айырылып, қуғын көрген бейбақтарды қандай тауқымет күтіп тұрғаны белгілі еді. Осылай ортақ пікірге келе алмаған киммерийлер екіге бөлініп, бір-бірімен тайталасады. Патшалар мен қарапайым халық арасында қырғын шайқас болады.

Туысқандардың қантөгіс соғысында қаза тапқандарды киммерий халқы Тирас өзенінің бойында жерледі. Ол жерден патшалардың қабірлерін қазір де көруге болады. Осыдан соң киммерийлер өз жерінен кетіп, сырттан келген скифтер қаңырап қалған елге ие бола қойған.   

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 205 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: