11:27
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ МОРМО БАТЫРДЫ ЖЕҢГЕН БЕЛГІСІЗ ПАТША ПАТШАЛЫҚ ҚҰРҒАН КЕЗДЕГІ ТЕНГЕРЕ-ТЕДЫГЕЧИ

Бірде әлдебір беймәлім патшалыққа Мормо батыр әскерімен келіп, шайқасқа шақырады. Патшаның үрейі ұшқанымен, тез есін жиып: «Халықтың қанын босқа төккенше (әскер дегеніміз де халық қой), сен екеуміз жекпе-жекке шығайық. Көп адамқырылғанша, жалғыз адамның өлгені жақсы емес пе», - деп өз талабын қояды. Екеуі осыған уағдаласады.

Патша арыстандай ақырған алып батырды көргенде қатты қорқады. Ал күшінің басымдығына сенген Мормо патшаның алдына батыл басып келіп: «Қане, мені қылышпен шап!» - дейді. Патша бар пәрменімен қаруымен ұүлаштай ұрып еді, Мормоға дарымайды. Әрине, мұздай темір құрсанып, болат сауыт киініп алған адамға бұл шыбын шаққан құрлы бола ма?

Мормо батыр басны еңкейтіп, патшаны мазақ қыла: «Байқа, басымды шауып тастап жүрме, алтын басым жерде домалап қалмасын!» - дейді.

Өз патшасының қорланғанына шыдамаған Тенгере-Тедыгечи оған дәудің мойнын қылышпен қаймықпай шабатын батылдық береді. Патша сол сәтте батырдың басын шауып түсіреді!

...Мормоның әскері жеңілістерін мойындап, аусар батырларының денесін алып, келген іздерімен кері қайтады.

Тенгере жекпе-жекте Мормо дәуді жеңген патшаға келіп, оған үлкендігі қаздың жұмыртқасындай жұмыр тас береді. Ол осында тұрып жатқан адамдардың барлығы бұл тасты қолдан-қолға беріп, алақандарында толассыз домалатсын деп бұйырады. «Осы тас балықтың бір түйір уылдырығындай болған кезде көктен патша түсіп, бүкіл елге әмірін жүргізеді. Сонда мен соңғы рет келемін. Ал осы тастан түк қалмай, әбден ысқыланып біткенде ақырзаман орнайды», - дейді Тенгере-Тедыгечи.

Патшаға осыны айтып, Тенгере елдің шекарасыа қарай жүріп кетеді. Жолда асатаяғымен жерді түртіп қалып еді, сол орыннан бұлаұ атқылайды. Бұлақты айналдыра, саз балшықтан үлкен тостаған жасай бастайды, онысы барған сайын биіктей береді. Осылайша, ол аумағы талай жерді алып жатқан, іші суға шүпілдеп толған төбешікке айналады. Содан кейін оны «Суы асып та кетпесін әрі кемімесін» деп сиқырмен дуалап тасатйды. Әлгі жер әлі күнге дейін сол қалпында сақталған көрінеді.

Ал Тенгере-Тедыгечи адамдарға алақанға салып домалатуға берген жұмыр тас қазір көкек жұмыртқасындай болыпты деседі.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 242 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: