19:45
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ТЕНГЕРЕ-ТЕДЫГЕЧИ АМЫН-ҚЫЛАННЫҢ ПАТШАЛЫҚ ҚҰРҒАН КЕЗІНДЕ

Амын-Қыланды патша қылып сайлағаннан кейін Тенгере-Тедыгечи бұрынғы билеушінің тұсында маскүнемдіктен, аштықтан, суықтан өлген адамдардың денелерін жинап, оларды қаладан аулақ, ертеректе шамандар Көктен от сұрайтын жерге апарып үйді. Сонан соң ұзындығы жеті құлаш, тереңдігі бір құлаш шұңқыр қазып, бәрін соған түсірді де, өртеп жіберді.

Қалаға қайтып келген кезінде ол тағы төрт шамандық зікір жасалғанын білді. Бұған Тенгере-Тедыгечи «Сұрқия адамдарды жойып жатырмын, олар қайдан шыға береді?» деп қаһарына мінді.

Осы сөзді айтып, ол барлық шамандарды өлгендердің мәіттерін өртеген азалы жерге алып барды. Сол жерге түйелермен отын тасытып, шұңқырға салды да, лаулатып от жақты. Отын жанып, көмірге айналған соң, шамандарға шұңқырдағы қызыл шоқтың үстімен ерсілі-қарсылы жүріп, зікір салуға бұйырды. Әлгі міскіндерге ол: «Қайсың тірі ақлсаңдар, сонікі дұрыс деп саналып, бостандық беріледі!» - деді.

Нәтижесінде үш шаман шоқ үстінде өртеніп кетті. Тек Аққыдат руынан біреу аман қалды. Бұған патша сайланған Амын-Қылан: «Егер әркім үш адамнан өртей берсе, неміз қалады!» - деп ашу шақырды.

Бұған Тенгере-Тедыгечи айтты: «Әрбір аң жүнін сақтайтыны сияқты, сен де өз халқыңды қорғап тұрсың. Егер де жарлығым ұнамаса, мен бұл арадан шамалы уақытқа, жеті күнге кете тұрайын.

Амын-Қылан патша одан: «Бізден кеткенде қай тауға барғың келеді?» - деп сұрады.

Тенгере-Тедыгечи қолын созып: «Міне, мына тауға шығамын!» - деп нұсқап көрсетті де, аттанып кетті.

Жеті күн өтті. Адамдар оның оралуын күтті. Бірақ ол қайтып келмеді. Жеті күн жеті рет өтті. Ол оралмады. Жеті ай өткенде Тенгеренің қаһарынан қорқып, оны іздеуге екі кісі жіберді. Жіберген сәлемшілер Тенгере-Тедыгечиді тауып, адамдарға қайтып оралуға үгіттеді. Бірақ оған сөздері өтпеді. Жеті жыл бойы патша Тенгере-Тедыгечиге адамдарды жіберіп тұрды, үш рет екі адамнан жіберді. Бірақ ол қайта оралғысы келмеді. Жеті жыл өткен соң Тенгере-Тедыгечи патшаға өзі келіп, оған: «Егер патшалығыңнан шамандар шықса, оларды мен өртеген сияқты, өрте. Оттан тірі шыққаны өмір сүре берсін. Ол шын мәніндегі абыз!» - деді.

Патша: «Қалай айтсаң, солай болады!» - деп жауап қатты.

Сонда Тенгере алақанына күл, білегіне қара топырақ жағып, осы қолын қиғаштай ұстап, сөзін жалғастырып: «Егер менің кеңесімді орындамасаң, сенің патшалығың да тап осындай болады», - деді. Тенгеренің мына сөздерін естіген патшаға жер аударылыпы, қырынан тұрғандай болып көрінді.

Осыны айтып, Тенгере-Тедыгечи бұрынғы, таудағы мекеніне аттанып кетті. Ол жаққа өзін іздеп, ешкім келмесін деп бұйырды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 236 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: