12:16
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

АДАМДАРҒА ОТ ОЛЖАЛАҒАН НАДУЛУША

Есте жоқ ескі заманда түркілердің арғы бабалары «со» деп аталатын халық екен. Бұл халықтың Ежен Шиду дейтін ханы болады. Оның Аспан қызы деген әйелінен төрт ұл туады.

Бір ұлы аққуға айналып, ұшып кетеді (ескі наным бойынша өлген адамның жаны құсқа айналып, көкке ұшып кетеді деп есептелген). Екінші ұлы Апу (Әмудария) мен Гансу (Сырдария) өзендерінің аралығындағы халықтарды билеп тұрады. Бір ұлы Шу-си өзенінің бойында қоныстанған жұртқа әмірін жүргізеді. Ал үлкен ұлы Баси-шу Си-ши деп аталатын тауларда билік құрады. Оның ордасы да осы жерде орналасады.

Биік тауларда өмір сүретін халықтар суықтан үсіп, қырыла бергендіктен, Надулуша адамдарды от шығаруға үйретеді. Осыдан бастап отты қолдануды басқа халықтар да қабылдап алады.

Олар Надулушаны Тюркю деп атаған («тюкю» - қытай жылнамаларынан алынған атау; қытай тілінде /р/ дыбысы жоқ болған себепті, «тюкю» сөзінің ортасына осы әріпті қойып, «тюркю» сөзін шығарамыз). Тюркю сөзі ұшар бас, үшкір шың дегенді білдіреді. Қазақша – дулыға.

Қытай нұсқасына жүгінсек, ежен Шиду дегеніміз Шиду хан, дұрысы, пайғамбар. Ал оның аққуға айналып ұшып кеткен баласы – Алтай өзендері мен Қу-Ман көлдерінде хандық құрып, билік жүргізген кісі. Сондықтан Қу көлінің бойында тұрған халықтар өздерін аққулар (Ақ-Қу-кісі) деп атаған.

Қу-Маннан мұраға «құманды» деген сөз қалған. Кейінірек сақара халқы – құмандардың (қомандар) атауы осыдан шыққан.

Ежен Шидудың келесі ұлының есімі – қытайша Ки-гу. Ки-гу – «қырғыз» деген сөз. Бұл сөздің шығу тегінде де «тюркюдегі» сияқты қағидаға сүйенеміз. «Ки-удың» ішіне /р/ қойып, «Киргуды» аламыз. Киргу «халықсыз, өз бетімен кезіп жүруші, еркін» деген мағынаны білдіреді.

Ежен Шидудың үшінші ұлы Шу-си өзенінің бойында әмірші болған. Ежен Шидудың үлкен ұлының аты – Надулуша. Ол Басишу Си-ши ауларында хандық құрған. Мұндағы Шу – өзен атауы, ал «Си» сөзі халық немесе халықтар дегенді білдіреді. «Ши» (немесе қазақша «шың») – биік таулар деген сөз. Бұл оның Шу өзені ағып жатқан таулы өңірде хан болғандығын аңғартады.

Сонымен, жылнамашы Әбілғазы баһадүр ханның жазуына және басқа мұсылмандық шежірелерде көрсетілуіне қарағанда, адамдарға ошақтарына от тұтатып жағуды йреткен тұңғыш адам Надулуша Тюкю немесе Түркі Надулу шад болған.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 236 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: