22:52
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ТАҚУА ЖАЙЫҚ-НАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҮЛКЕН ҰЛЫ

Тақуа Жайық-Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары-ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ: ғұламалар мен пайғамбарлар, патшалар мен хандар өрбіп тарайды. Ал Созұн-ұлды өлгеннен кейін Аспанға өзім аламын». Сосын Сары-ұлға қарап: «Мен сендерге көктен патша жіберемін. Ол патшалардың патшасы болады. Күшінің ғаламаттығы сонша, онымен ешқандай батыр теңеспейді. Ол патшаларға қарсы соғыспайды. Барлық халық оған бейбіт түрде бағынады. Оның Телегей батыр (теңіз, зор күш иесі), Төлім батыр (Тілбеш) және Тенен-ұл деген үш баһадүрі болады», - дейді.

Жайын-Нама қаусаған шал болып қартайған шағында әйелі оған жер жүзін топан су басқан кезде өзі құтқарған барлық адамдар мен жан-жануарларды өлтіруге кеңес береді. Себебі, олар өмірден бұдан ертерек кетіп, о дүниеге мұның билік жүргізетін қауымы болуы керек екен. Әйелі күндіз-түні осы әңгімені құлағына құя берген соң тақуа Жайық-Нама да сұмдық пиғылға бекініп, бейімделе бастайды. Мұны біліп, сезгенмен Созұн-ұл әкесінің бетіне тура келіп, шешесінің қитұрқы қастандығын әшкере етуге батпаған еді. Тек бір күні ол әкесіне: - Адамдарды тірідей жұтқалы жатқан қаракөк сиыр көрдім, сыртта салақтап сирағы ғана қалған екен, - дейді.

Тақуа Жайық-Нама ұлы айтқан тәмсілдің сырын бірден ұғып, әйелін қылышпен қақ бөледі. Осылайша залым әйелін өлтірген ол Созұн-ұлға: «Мен Көкке сені де ала кетемін», - дейді де, өзі шырқау биікке самғап, ғайып болады. Үш күннен соң Созұн-ұл жоғалып кетеді. Жаратушы Жайық-Нама оны Көкке бес жұлдыздан тұратын шоқжұлдыз етіп іліп қояды.

Ал Жайық-Наманың өзі Үлкен Тәңір мен адамдардың арасын жалғастырушы дәнекер. Ол адамдарға Үлкен Тәңірдің – Көк Құдайының шапағатты баталарын жеткізіп, ауру-сырқау мен кесапат-қырсықтан құтылу сырларын ашады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 248 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: