11:19
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ТӘҢІРДІҢ АРУН-СЮДУН ДЕП АТАЛАТЫН АЛТЫН САРАЙЫНАН ҚУЫЛҒАНЫНАН КЕЙІНГІ АДАМ

Пейіш бағынан жерге қуылған Адамды Үлкен Тәңір аяп, оған жеуге жарамды барлық өсімдіктер мен жемістерді көрсетіп, «Дәмін тат та, өзіңе ұнағанын жей бер» деді. Әрқайсысының дәмін татып көрген Ер Тарғын-Нама олардың бәрін нәрлі деп білді. Жемістермен, өсімдіктермен қоректенген ол шырайланып, өңі кіріп, еш таршылық көрмей өмір сүріп жатты. Әйткенмен күз келіп, шөптер қурап сола бастады. Адам да солғын тартып, жүдеді. Сөйтіп, азықсыз қалған ол қыстан әрең дегенде аман қалды.

Өткен қыстың өкінішінен сабақ алған адам келесі жылы жемістер мен көгерістен азық дайындап алды. Қыс түсісімен оның жиған қорына әр алуан жануарлар көп келгіштейтін болды. Қоры тез таусылып бара жатқанын көрген адам азығын жануарларға жегізбей, оларды таяқпен ұрып қуа бастады. Бұған жәбірленген аңдар өздеріне құстар мен балықтарды қосып алып, Үлкен тәңірге адамның үстіне шағым айтты.

Үлкен Тәңір олардың барлығын Ер Тарғын-Наманың мекеніне жинап, арыз-шағымдары мен мұң-мұқтаждарын асықпай тыңдады. Артынан оларға: «Балықтар мен құстар нені қаласа, соны жей берсін. Ал сендер, жануарлар, шөп жеңдер. Адам, сен дәннен жасалған нан мен жануарлардың теін же. Жануарлардың жейтініне сен жолама, ал адамға қажетті азыққа жануарлар тиіспесін. Сен, адам, оларды өлтір, терілерінен өзіңе киім тігіп ки, етін пісіріп же!» - деп әрқайсысының қорегін белгілеп берді.

Мынадай соттан кейін жануарлар адамнан қорқып, аулақ жүретін болды. Кейбіреулері адаммен жауласа болды.

Шөппен және жемістермен қоректенген кезде адам отқа мұқтаж емес еді, тіпті оны білген де жоқ болатын. Енді адамға басқа азық белгілегеннен кейін Үлкен Тәңір қолын созып көктен бірі ақ, екіншісі қара екі тас алды да, құрғақ шөпті алақанына салып умаждап уқалады. Сосын шөпті бір тастың үстіне қойып, екінші таспен ұрған кезде от ұшқындап, шөп лап етіп жанды. Осылайша алғашқы алауды жаққан Үлкен Тәңір: «Мына от – менің Аспандағы әкемнің күшін тасқа көрсететін от», - деді.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 281 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: