16:49
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ЕРКІЛІКТІҢ «ОП-ҚУРАЙ» ЖАСАП, АДАМДАРДЫҢ ЖАНДАРЫН ӨЗІНЕ АЛҒЫСЫ КЕЛГЕНДІГІ ЖАЙЫНДА

Майтөре бұйрық жазып, оны өзінің көмекшілеріне беріп, Еркіліктің қолына тапсыруға әмір етті. Хаттың мазмұны мынандай еді:

«Өзің жан бітірген сасық әйеліңді өзің ал, оны да, одан туған бір қауым жұртты да алып кетіп, осы арадан құры! Әкетпесең, әйелді де, сені де күн сәулесі түспейтін, ай жарығы жетпейтін қос теңіздің арасындағы аралға айдап жіберемін».

Шилы-Мине атты көмекшісі бұл бұйрықты Еркілікке апарып берді. Әккі әрі залым сайтан оған:

  • Бұл адамды мен жараттым ба екен? Мен тек оған үрлесем не болар екен деп байқап көргенмін. Үрлеп едім, жан кірді. Бірақ оны жаратқан мен емес, сондықтан оны өзіммен бірге алып кетпеймін! Үлкен Тәңір өзі жаратқан басқа бір адамын берсін, тек сонда ғана алуға келісемін, - деп жауап қайтарды.

Сонда Майтөре әлгі әйелден туған барлық қауымды жинап алды. Сөйтіп бүкіл үрім-бұтағымен бірге әйелді де, Еркіліктің өзін де жер астына, күн де, ай да жарық шашпайтын қос теңіздің арасындағы тозаққа қуып жіберді.

Алайда біраз уақыт өткен соң аса әккі сайтан Еркілік жер астынан жол тауып, қапас қамаудан қашып кетті. Жердің үстіне шыққан соң ол адамдарға келіп, қолымен «оп-қурай» жасамақшы болды. Яғни шыбын ұстағандай қолын сілтеп, тірі адамадрдың жандарын ұстап алып, жер астындағы қапасқа алып кетпек. Алайда, білмейтіні жоқ дана Үлкен Тәңір мұны алдын ала болжаған еді. Ол адамдарға Еркіліктен бұрын келіп, «Қый!» деп қатты айқай салады. Осы бір ерекше әуезді айқайымен ол адамардың бәрін өзіне қаратып, «А!» дегізеді. Сол сәтте «оп-қурай» жасап қолын сілтеген Үлкен Тәңір барлық адамдардың жандарын уысына салып, оларды Алтын Тауға алып кетті.

Сөйтіп «оп-қурай» жасамаққа келген Еркілік ешбір жанды ұстай алмады. Өйткені, бұл уақытта олардың барлығы Үлкен Тәңірдің қолында болатын.

Адамдардың жанын Еркіліктен құтқарып қалған Үлкен Тәңір мен Майтөре Алып Алтын Тауға қайтып келеді. Еркілікті «Малайларының саны көбеймесін, бірақ дүниенің соңына дейін кемімесін» деп қарғайды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 282 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: