14:10
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ЖАН

Адам тән мен жаннан тұрады. Адам жанының тіршілік етуі үшін төрт қасиет қажет. Бұл қасиеттер құт, юла, тын және сұр болып табылады.

Құт – адамның болмысы басталатын ұрық, адамның тіршілігіне нәр беретін өмірлік қуат. Құт аспанның тоғызыншы қабатында, үлкен Тәңір мен оның балаларының қасиетті қайыңының бұтақтарында жапырақтар сияқты салбырап тұрады. Біреу туатын кезде құт Тәңірдің еркімен қасиетті қайыңнан үзіліп түсіп, мұржа арқылы үйге кіреді. Сол уақытта-ақ Тәңір жаратылатын адамның болашақ тағдырын айқындап қояды.

Адамның құтын көкте жаратушы – Ұмай. Ұмай жаратқан құт От-Ананың көмегімен әйел-ана құрсағына еніп, қызыл құрттың кейпіне кіреді. Содан бастап ұрық табиғи өсіп-өну жолымен кәдімгі адам бітәнасына ауысады. Құтпен бірге Жерге Ұмай да түсіп, оны тіпті ананың құрсағында жатқанынан бастап, жарық дүниеге келгеніне дейін желеп-жебейді. Толғақ кезінде де баланы өзіне қарай тартып, тууына бөгет жасаушы Еркіліктің жын-шайтандарымен айқасқа түсіп, нәрестенің өмірге келуіне жәрдемдеседі. Одан кейін де Ұмай Тәңір-Ана баланы күзетіп қана қоймай, оны күтеді, бетін жуады, кірпіктерін тазалайды. Оны ойнатып, тәрбиелейді, өзінше сөйлеседі. Олар бір-бірін жақсы түсінеді. Ұмай Тәңір ұдайы баланың қасында болып, ол жүріп, жүгіріп, ең бастысы, сөзді түсініп, еркін сөйлей бастағанға шейін, яғни бес-алты жасқа келгенше қамқорлығына алады. Содан соң барып, баланың Ұмаймен қатынасы үзіліп, әрі қарай ол өз бетімен өседі.

Жануарлар мен өсімдіктердің жан-ұрығы да құт кейпінде және одан әрі оның тіршілігіне нәр беретін өмірлік қуат ретінде қабылданады.

Юла дегеніміз де – құт сияқты адамның тіршілігі үшін қажетті қасиеттің бірі. Оның адам тәнінен шығып адасып, қайтып бармайтын кезі де болады. Адамнан ажырағаннан кейін ол кеңістікте, еркіндікте өмір сүреді. Бұл уақытта оның иесі ұйқы ауруынан азап шегеді: қайда отырса, сонда ұйықтап кетеді. Дүниені кезіп жүргенде юла жын-шайтандардың қолына түсіп, олар оны жеп қоюы да мүмкін. Мұндай жағдайда юланың иесі ұзақ та ауыр сырқатқа шалдығады. Мұның арты тіпті адамның жер бетіндегі тіршілігінің тоқтауына әкеліп соғуы да ықтимал.

Тын – рухани қасиет. Тын – тыныстау қабілеті. Ол адамға, малға, аң мен құсқа, өсімдікке тән. Тек тасқа ғана мұндай қабілет берілмеген.

Өсімдік әлемінде тын «өсу қабілеті» ретінде қабылданады. Оның тыны (тіршілігі) толассыз әрі мәңгілік. Өйткені тамыр жерде қалып, өсімдік өзінің болмысын мәңгілік сақтай алады. Сондықтан аса зәрулік болмаса, ағаштарды кесіп, шөпті жұлып, оларға азап шектіруге болмайды.

Сұр дегеніміз – адамның бет-бейнесі, келбет-кейпі. Бейнелеу, кескіндеу мағынасындағы «сурет» сөзі сұр сөзінен шыққан (сұр келбет, бет-әлпет деген мағынаны береді). Сұр жануарларға да тән. Сұрдың адамнан ажырауы Ұмайдың еркімен болады. Өзінің мұндай ерік-қалауын Ұмай Үлкен Тәңірдің «Савбыр битиг» кітабына жазады. Егер сұр адамнан ажырауға тиіс болса, онда кітаптағы жазу қараға айналады. Сұрды адамнан ажырата отырып, Ұмай сол арқылы оның жердегі тіршілігінің тәмамдалуына жол ашады. Сұр енді адамнан тысқары өмір сүріп, құдды оның ажалының көлеңкесіндей болады.

Сұр адамның жан тәсілім етуінен жеті немесе он жыл бұрын ажырап кете алады. Адам өлгеннен кейін оның сұры сол адамның жерде тіршілік етуіне құт жіберген иесіне қарай жол тартады.

Адам жаны – суна. Адам жансыз о баста Еркілік сайтан жасап, Үлкен Тәңір мен басқа құдайлардың қарсылығына қарамастан, адамға дарытқан. Иесі өлген сәтте суна (жан) денеден шығып, жерлегенге дейін марқұмның үйінде қалады. Сунаның қасында болуына орай, марқұм айналасында болып жатқан нәрселерді түсініп, біліп, айтылған сөздерді естіп жатады. Ал жерлегеннен кейін марқұмның жаны біршама уақыт үйде жүре тұрып, сосын Еркіліктің талқылы сотына барады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 289 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: