19:38
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ЕРКІЛІК САЙТАННЫҢ, МАНҒЫШӨРЕ АЛЫПТЫҢ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАН ИЕЛЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Жер бетінде әлі адамдар болмаған заманда, яғни олар әлі жаратылмаған кезде Үлкен Тәңір теңізде сең сияқты қалқып жүрген тоң топырақты және соған жабысқан адам сұлбасына ұқсас балшық кесегін байқап қалады. Үлкен Тәңір қалқып жүрген нәрседен әлгі кесек балшықты ажыратып алып: «Жаны жоқ бұл не нәрсе? Ендеше, бұл есті мақлұхат болсын!» депті.\сөйтіп, балшық есті мақлұхатқа айналыпты.

Үлкен Тәңір өзінің алғаш жаратқан есті мақұлығына «еркілік» деген ат беріпті. Бұл «батыл, өжет» дегенді білдіреді.

Ал бағанағы су жүзген сең кесегі Үлкен Тәңір Құдайдың қолы тиіп, демі жанасқандықтан, зор балыққа айналып кетеді. Үлкен Тәңір оны пель-таймень балығы деп атайды.

Есті болып оянған Еркілік маңайын барлап, Үлкен Тәңірді тауып алады. Алғашқыда ол Үлкеннің сенімді досы әрі інісі болды. Бірақ шамалы уақыттан кейін оны қара қызғаныш буып, өзін ойша Үлкен Тәңірмен теңмін деп есептеп, тіпті одан да жоғары қоя бастады. Бірте-бірте менмендікпен: «Егер мен құдай болсам, мақлұхаттарды Үлкен Тәңірден жақсырақ жасар едім!» деп те ойлайтын болды. Енді еркілік Үлкенді дүниедегінің бәрін өзінен бұрын бірінші болып жасап-жаратып қойғаны үшін одан сайын күндеп қызғанады. Ақыры, Үлкен Тәңір жаратқан барлық мақұлықтарының қас дұшпанына айналды.

Еркіліктің өзімен жауласқысы келетінін көрген Үлкен Тәңір (ал бұлай істеуге мүлдем болмайтын) өзіне басқа бір дос – Манғышөре Алыпты (Мәңгілік Билік, Мәңгілік күш-қуат, Мәңгілік Тақ) жаратты. Ол ылғи қасынан табылып, Еркілік сайтанға қарсы шығып, айқасуға тиіс болды.

Манғышөрені жарату үшін Үлкен Тәңір тастан май шығарып, содан алынған металдан (шойын мен күмістің қоспасы) Алыптың тастан қатты мүсінін бәдіздеп құйды. Осы кесекке ол дем салып, жан бітірді. Жер бетінде Мәңгілік билік пен Мәңгілік күш-қуат – Манғышөре Алыптан асқан құдірет иесі болмады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 302 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: