15:45
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар

ЖОЛДАРДЫҢ АҚ ЖӘНЕ ҚАРА ҚҰДАЙЛАРЫ

Көкте жол құдайлары, ағайынды екі жігіт Алажол Тәңір мен Қаражол Тәңір тұрады. Бұлар көшпелілер үшін өте маңызды құдайлар. Алажол Тәңір – таң шапағының, жарық күннің ұлы. Қаражол Тәңір – түннің ұлы. Алажол таң сәріден аттанып, қараңғылықты түре қуады, адамдарға жарық пен нұршуақ сыйлайды, күш-қуат беріп, өмірлерін ұзартады. Қаражол өз ьауырының соңынан жүреді. Ол тек түнде ғана сапар шегеді, күндіз жіберілген олқылықтарды түзетеді, науқастарды емдейді, жалқаулар мен жалған айтуға құмарларды жазалайды. Құдацлар Тәңірдің жарлығын орындап, оның ықтияры мен әмірлерін адамдарға жеткізіп отырады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 291 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: