00:57
Балаларға базарлық

ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР ЦИРКІНІҢ ҚЫЗЫҚТАРЫ

Қала бол не, дала бол не, айналып келгенде, балалардың шат-шадыман күлкісіне жетер қимас та жарасымды мезетке жетер таң-тамаша жоқ шығар мына жалғанда.

Жақында Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебіне Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясына қарасты «Эделвейс» ергежейлілер циркі сонау Петропавл қаласынан ат терлетіп келіп, кең де жарық спортзал төрінде балаларға арналған қызықты қойлымын ұсынды.

Аталмыш көркемөнер ұжымының көркемдік жетекшісі болып жылы жүзді Вишняков В.Я. табылады екен.

Вячеслав Яковлевичтің айтуынша, «Эдельвейс» ергежейлілер цирк труппасына он бес жылдың жүзіне айналған көрінеді.осы арнайы сапарға шығып, бесқарағайлық балаларға бірегей қызықтарды көрсетуге ергежейлі акробат ағайындар Рапинчуктер, ергежейлі күміс көмей әнші Л.Бавтович һәм өзіндік жанр иесі болып табылатын үнді йогасының хас шебері А.Плотников сынды өресі биік өнерлілер білек сыбана кірісіп, көрермендерін шат-шадыман қылды. Оның үстіне сахна төрінде жүрген циркшілер сайқымазақ қылықтарымен балаларды баурап алып қана қоймай, балғын-балдырғандарды қатыстырып, әзіл-күлкіге қарқ қылған қозғалмалы ойындардың да көркін қыздыра түсті. Ал әнші апай жүректі тербер әндерімен көрермендердің жүрегіне жол тауып, шексіз шынайы қошеметке көмілді. Асылы, ауыл балалары бір мәз-мейрам болып қалды.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 886 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: