09:46
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-аналардың сұрақтары:

Ұлым мектептен көңілсіз күйде келді. Ол мұғалімнің өзін жақтырмайтынын айтты. Қалай әрекет етерімді білмедім. Маған не ұсынар едіңіз?

Балаңыздың жаман сезімдерге бой алдыртуға құқығы барын мойындағаннан кейін, оның не айтатынын да тыңдаңыз. Кейде мәселені анықтау және айту оңай:

«Мұғалімнің тартпасынан степлерді алғаның үшін бүкіл сыныптың алдында оның саған айқайлағанына ұялдың. Ол сені өзінің кабинетіне шақырып, сенімен жеке сөйлескенде жақсы болушы еді... Сенің рұқсат сұрағың келгеніне сенімдімін».

Ұлыңыз нақты не болғанын айтпастан, мұғалімнің оны жек көретінін айтып шағымдана берсе, мәселені бірге шешерсіздер. Дегенмен әңгіме барысында мұғалімнің (тек сөздерінен емес, мұғалімнің жалпы өзін ұстауынан) балаңызды шынымен жақтырмайтынын сезсеңіз, онда ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Балаңызды басқа сыныпқа ауыстыруға әрекет етіңіз. Мұғалім де адам баласы, түсінуге тырысар. Кейде мұғалімдер орынды-орынсыз себептермен кейбір балаларды ұнатпайды. Бұл – мұғалімнің немесе баланың кінәсі емес. әйтсе де бала өзін жақтырмайтын мұғалімнен сабақ алмауы тиіс.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Өзгелер дәлізде күтіп тұр делік, ал тым көп сөйлейтін ата-анамен қалай тыныш қана қоштасуға болады?

Уақытыңыздың шектеулі екендігін және олар ата-анамен қажетінше ұзақ сөйлесе алмайтынын сезіну өте маңызды. Дегенмен уақытты қадағалап, ата-анаға: «Қарап отырсам, бізде небәрі бес минут қалыпты», - деп алдын-ала ескертуіңіз керек. Бес минуттық сөйлесуден кейін де өзара әңгіме аяқталмаса: «Бізге көп уақыт қажет екен, түсінемін, телефонмен сөйлесейік, болмаса тағы да кездесейік», - деңіз. Күнделігіңізді ашып, кездесу күнін белгілеп қойыңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: