09:41
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-аналардың сұрақтары:

Биыл арнайы мектепте оқитын қызым Лиза қатардағы сыныпқа көшті. Оның айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүрген өте қатал, көп нәрсені талап ететін мұғалімі бар. Ол жетістіктерге өзінің жоғары талаптарының арқасында екеніне сенімді. Лиза көп жұмыс істейді, әйтсе де мұғалімі артқан жүкті көтере алмай жүр. Мұғалім ашуланады, ал Лиза ары қарай еңбектенуден бас тартады. Не істесем болады?

Біздің үміттеріміз жоғары, бірақ шынайы болуы керек. Балалрға қолдарынан келмейтін нәрсені жасай алатындықтарын айтып, «көбірек тырысуларын» талап ету арқылы оларға зиян келтіреміз. Қосу және азайтуды орындай алмайтын бала мұғалімнің күтуіне қарамастан, көбейту мен бөлуді де орындай алмайды. Мұғалімнің талаптары Лизаның еңсесін езіп жатса, мұғаліммен сөйлесіп, Лизаның қабілет деңгейін түсіндіру керек. Ұстаздан тапсырмаларды Лиза сәтті орындай алатындай етіп, бөліктерге бөлуін сұрап көріңіз.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Кейбір ата-аналар мұғалімдердің тек проблема туындағанда ғана өздеріне хабарласатынын айтып шағымданады. Олардың бұл айтқандары дұрыс, мойындауым керек. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

Ата-аналарға балалары туралы жақсы пікірлерді естіген немесе білген ұнайды. Бір мұғалім бізге балалардың көпшілігі өздерін жақсы ұстап, сабаққа белсенді қатысып жүретін, ал тоқсан басталғаннан сыныпқа аптасына екі ата-анадан шақырып отыратынын айтты. Ол ата-аналарға балаларының жақсы қасиеттері туралы әңгімелейді. Оқу жылында қандай да бір қиындықтар орын алса, мұғалімге оның сөздерін қабылдауға әлдеқайда дайын ата-аналармен сөйлесу оңайырақ болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 32 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: