10:31
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-аналардың сұрақтары:

Соңғы кездесуде мұғалім ұлым Тонидың еріншектігін және көпшіл еместігін айтты. Бұл пікір маған мүлдем ұнамады, алайда бұған қалай жауап қайтаруды білмедім. Тағы да қайталанатын болса, не істесем болады?

Мұғаліммен кездесуге қаламсап пен қағаз алып келу өте маңызды. Мұғалім балаңыз туралы жаман нәрсе айтса, оны дәл осындай тұжырым жасауға не итермелегенін анықтай аласыз: «Жалқау дейсіз бе? Бұл арқылы не айтқыңыз келіп тұр?».

Мұғалім: «Сурет сабағынан кейін ол қылқаламдарды лас күйінде қалдырады және бояу салынған түтіктердің аузын жаппайды», - деп жауап береді делік. Оны жазып болғаннан кейін: «Тони сурет салғаннан кейін қылқаламдарды жуып, бояу түтіктерін жабуы керек», - деп дауыстап айтыңыз.

Мұғалім: «ол сабақ барысында да жұмыс істемейді», - деп айтқанынан қайтпай отыр делік. «Сізді осындай қорытындыға келуге не итермеледі?» - деп тағы сұраңыз.

«Бүкіл сынып оқып отырғанда, ол үнемі сөйлейді», - деп жауап берсе, айтқанын жазып алып, дауыстап оқыңыз: «Тони барлығы оқып жатқан кезде өз-өзін ұстай алуы керек».

Мұғалімнің негативті пікірлерін не істеу керектігін сипаттауға аудару арқылы мұғалімге жәрдемдесесіз, өзіңіздің және ұлыңыздың оң бағытта жылжуына көмектесесіз.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Егер ата-ана жиналысқа қастықпен немесе агрессивті көңіл-күймен келсе не істеу керек?

Ата—ананың ашуына қарсы өз ашуыңызды лезде қайтаруға мүлде болмайды. «Өтінемін, тынышталуға тырысыңыз, Смит мырза! Сіз айқайласаңыз, біз ешқандай ортақ келісімге келе алмаймыз», - деп айтудың да жөні жоқ. Ата-ананың мұндай сезімдерге бой алдыруға құқығы бар екенін іштей мойындаңыз. «Қаншалықты ашуланып тұрғаныңызды түсінемін, кіріңіз, отырыңыз! Сіздің пікіріңізді тыңдағым келеді», - деп оның эмоциясын басу үшін жылы сөйлеп, сабырлық таныта алатыныңызды байқатыңыз. Мұндай байыппен айтылған сөздер Смит мырзаның дүлей ашуының тез тарқауына септігі тиіп, әрі ол сізге мазалаған жайттар туралы айтып береді.

Оның айтқандарын жазып алуға тырысыңыз, ал кездесу соңында айтар ойын түсінгеніңізді сездіру үшін оған жазбаларды оқып беріңіз. Егер бойыңыздағы бар жігеріңізді сарп еткеніңізге қарамастан, ата-ананың ашуы үдей түссе, онда сұбат құруды басқа күнге ауыстырыңыз: «Мистер Смит, әлі де ашуыңыздың басылмағанын көріп тұрмын. Сіздің айтқандарыңызды санада қорыту үшін маған біраз ойлану керек, бәлкім, басқа мұғалімдермен де ақылдасуым қажет сияқты. Енді қашан кездесуге мүмкіндігіңіз бар?» Келесі кездесуде мектеп директорын немесе психологті шақыруға болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 23 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: