09:16
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Ата-ана сұрақтары:

Сіз балаңызға ешқашан «адал», «ақылды», «жақсы» деп айтпайсыз ба?

Кез келген мақұлдау өз орнымен айтылса жақсы. Егер сіз сөздеріңіздің балаға әсер еткенін қаласаңыз, оларды сипаттауға тырысыңыз. Мұнда бірнеше мысал келтірілген.

«Жұмыстан келген сәтімде сенің үйде жоқ екеніңді білгенде уайымдайтынымды жақсы білесің, сондықтан маған досыңның телефон номерін қалдырып кетіпсің. Бұл – зор жауапкершіліктің көрінісі.

Ашулануым мүмкін екенін біле тұра, сен маған мектепте болған жағдай туралы айтып бердің. Сол үшін адалдығыңды бағалаймын.

Қандай керемет коллаж! Жіп, желім, түймелер мен дәретхана қағазын қолданған екенсің, нәтижесі – нағыз өнер туындысы! Сен жақсы суретшісің!»

Әр жағдайда сіз мақтаудың себебін таптыңыз. Бала өзін мақтауға не мәжбүр еткенін түсінеді және үміттеріңізді әркез ақтауға тырыспайды.

 

* * *

 

Ұстаздар сұрақтары:

Мұғалім баланың жұмсаған барлық күш-жігері үшін бірден мақтауы керек деп санайсыз ба? Оқушы надандық танытатындай сұрақ қояды делік, осындай сәтте оның қателесіп тұрғанын айтып, дұрыс жауапты беру керек емес пе?

Мұғалімнің міндеті – «дұрыс» жауаптар беру емес. Біз керісінше балаларға ойлану процесі арқылы дұрыс жауап табуға көмектесуіміз керек. Алдымен, сіз оқушы сұрағының қандай ойлардың негізінде туындағанын құрметпен сұрай аласыз және сол сұрақты қосымша сұрақтармен түсінудің жоғары деңгейіне жеткізе аласыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: