23:21
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Мәселені сипаттаңыз

Мұғалім проблеманы суреттеп, жала жабуға не бұйрық беруге асықпаса, оқушы да өзінің жауапкершілігін терең сезінеді.

 

Ақпарат беріңіз (хабарлаңыз)

Мұғалім оқушының жеке «менін» қорламай, кемсітпей дер кезінде ақпарат берсе, олар өздерінің кемшіліктерін бірден түзейді.

 

Таңдау ұсыныңыз

Қорқыту мен бұйрықтар балалардың өздерін қорғансыз, әлсіз сезінуіне не олардың ренжуіне алып келеді. Ал таңдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

 

Сөзбен немесе ым-ишара белгісі арқылы түсіндіруге тырысыңыз

Оқушыларға нотация оқу мен ұзақ түсіндіру ұнамайды. Бір сөз не ым-ишара оларға өз қателіктерін түсінуге жеткілікті.

 

Өз сезімдеріңіз жайлы айтыңыз (оқушыларды атымен атамаңыз...)

Мұғалім оқушыны кінәламай, оған ұрыспай өз сезімдері жайлы түсіндіріп айтса, оқушылар оның сөзін тыңдап, жауапкершілікті сезінеді.

 

* * *

ЖАДЫНАМА

Үйде де, мектепте де өзара түсіністікке қалай қол жеткіземіз?

Ересек адам: Еденді былғаған кім?

Бұлай сұрақ қойып, дауыс көтерместен сіздің әрекетіңіз былай болсын:

1. Мәселені ашып көрсету.

«Еденге бояу жағылып қалғанын көріп тұрмын».

2. Ақпарат беру.

«Бояу кеуіп кетпейінше сүртіп тастаған дұрыс».

3. Таңдау беру.

«Еденді дымқыл сүлгімен не губкамен сүртулеріңе болады».

4. Өз пікіріңді сөзбен не ым-ишарамен білдіру.

«Бояу!»

5. Өз сезімдеріңді суреттеу.

«Еденнің бояу төгіліп былғанғаны маған ұнамайды!»

6. Хат жазу.

Барлық суретшілер назарына!

Шығар алдында еденді өз қалпына келтірулеріңізді сұраймын.

Алғыс білдіреміз,

Басшылық.

7. Жағдайды ойынға айналдыру (басқа дауыс не акцентті қолдану).

Кантри үлгісінде балаларға ән айтыңыз:

«Бояу көріп тұрмын еденне

Анау бұрын былғанған

Сүлгі алып тезірек

Достар үшін тазалайық үй ішін».

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: