08:34
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

Мұғалімдердің сұрақтары:

Мен оқушылардан өз сезімдері туралы сұрасам ештеңе айтпайды. Бос сылтаулармен әңгімеміз аяқталады. Неліктен бұлай болады?

Ересектер балалардан өз сезімдері жайлы сұрай бастағанда олар эмоционалды тұрғыдай өздерінде ыңғайсыздықты сезінеді. «Сен қандай сезімде боласың? Ал қазір қандай сезімдесің? Ашулы ма, қорқыныш па? Неліктен тап осы сезімдерді сезінудесіз?» Мұндай сұрақтар баланың тұйықталуына алып кеп соғады және сезімдерге қатысты сауалдар оларға ұнамайды. «Неге» сөзінің өзі баланы өз сезімдерін түсінуіне алып келеді. Олардың пайда болуының логикалық, ересектерге түсінікті себептерін іздеуге мәжбүр етеді. Көп жағдайда бала пайда болған сезімінің себебін біле бермейді. Сізге жауап беру үшін оның психологиялық білімі жоқ: «Автобус аялдамасындағы балалардың мені мазақ ете бастауы – менің өзіме деген бағама қатты әсер етті».

Бала бақытсыз болған сәттерде оның жан-дүниесінің ахуалын ата-анасы немесе мұғалімі түсінуге тырысу керек: «Сені келеке етіп жатса, көңілге ауыр тиеді. Қандай себеп болмасын, бұл ұнамсыз іс». Осылайша, бала бұл тақырыпта сөйлескісі келсе, оның жанында түсінушілік пен жанашырлық танытатын ересек адамның бар екенін көрсетесіз.

* * *

Ата-аналарға арналған сұрақтар:

Біздің ҚАЛАЙ сөйлеу мәнеріміз НЕ сөйлегеніміз секілді мағынаға ие, солай емес пе?

Сіздің дауыс ырғағыңыз – сіздің айтқан сөздерінің секілі маңызды. Егер сіз сөзіңіздің артынан күрсініп: «Сен тағы да осылай істедің бе? сені түзеу мүмкін емес!» - десеңіз, ең дұрыс реакцияның өзі дұрыс емес болып көрінуі мүмкін. Сыйластық тек сөзбен емес, сонымен қатар жеке қарым-қатынаста да көрініс табуы тиіс. Өзіңізді балаңыз сіздің алдыңызда дұрыс әрекетті таңдағанына күмәнданбайтындай дәрежеде әрі оған сенетініңізді көрсететіндей, соны сезетіндей ұстаңыз. Ол сіздің оның алдындағы мәселені шешуге қабілетінің жететініне сенім білдіріп тұрғаныңызды және оған тек қана бағыт беруіңіз керек деп түсініп тұрғаныңызды сезуі тиіс.

 

Кеше менің қызым жылап келді. Ағаларының біреуі оның жаңа дәптерінің бетін жыртып алған екен. Мен балалардан сұрап едім, екеуі де олар істемегенін айтып тұрып алды. Шындықты айтуға қалай көндіреміз?

Балалар үшін «Кім істеді?» деген сұрақ қауіптің дабылы сияқты. Олардың алдында екі жағымсыз альтернатива тұрады. Егер олар өтірік айтып құтылып кетсе, өздерін жеңіл сезінеді, бірақ ол көпке созылмайды. Кейін өздерін кінәлі сезініп, іштей мүжиді. Егер шындарын айтатын болса, ұрыс естиді, тіпті жазаланулары да мүмкін. Ең жаманы, егер шындықты мойындаса, олардың бұнысынан да қиын «Неге бұлай жасадың?» деген сұраққа жауап беруіне тура келеді.

Қалай болмасын бала өзінің әрекетін ақтап алғысы келгенімен, ол мұндай жаман әрекетке баруының себебін өзінің әлсіздігі, кемшілігі деп сезінеді: «Өйткені мен ақымақпын, ашушаңмын, өзімшілмін. Мен қылығымның басқаға қалай әсер ететінін ойламаймын» деген ойда қалады.

Баланы бұны кім, қалай істеді деп тергеуге алмастан бұрын мәселенің түйінін көрсетіңіз: «Сьюзи қатты ренжіді. Оның су жаңа дәптерінің парақтары жыртылып қалды емес пе?». Сосын балаларға былай деп хабар беріңіз: «Егер сендерге парақ керек болса, менен сұраңдар, мен сендерге бірнеше парақ тауып беремін».

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 58 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: