19:22
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

СЫН АЙТЫП, СҰРАҚ ҚОЙЫП, АҚЫЛ АЙТУДЫҢ ОРНЫНА...

- Петерсон мырзаны жек көремін! Ол барып тұрған жексұрын!

- Сен ашуланып тұрған сияқтысың...

+++

- Ол маған еш себепсіз айқайлайды!

- Иә, онысы дұрыс болмапты...

+++

- Ол маған қағазым болмай қалғанына бола ұрысты.

- Рас па?

+++

- Жарайды, енді. Мен де кей кезде ұмытшақпын...

- Хмм... Ал сен ұмытпай жүргің келе ме?

+++

- Иә... Бәлкім, мен қағазды сөмкеме салып жүру керек шығар. Сол кезде дәптерімді ұмыт қалдырсам да, ешқандай мәселе туындамас еді.

+++

- Сен өзіңнің жүйеңді ойлап тапқандайсың!

- Иә!

 

Жадынама

Оқушылардың сезімімен үйде де, мектепте де санасқанымыз жөн.

Бала: Мен бірнеше кішігірім қателікке бола үштік баға алдым.

Ересек адам: алаңдама. Келесі жолы жетістікке жетесің.

 

Баланың ішкі сезімдерін елеусіз қалдырмастан, сіз:

1. Баланың сезімін растаңыз:

«Көңіл-күйің түсіп кеткен секілді. Сабақты біле тұра, болмашы қатеге бола төмен баға алу өте өкінішті».

2. Дыбыстар немесе сөздер арқылы баланың сезімдеріне сыйластық танытыңыз:

«О!», «М-м», «Иә, иә», «Түсінемін».

3. Баланың қиялдауына шын мәнінде мүмкін емес нәрсені ұсыныңыз:

«Қателесіп кеткенде жазуды тоқтататын сиқырлы қарындашың болса, керемет болар еді!»

4. Оның жағымсыз қылықтарына тыйым салуға мәжбүр болсаңыз да, жеке сезімдерін қабылдаңыз:

«Сен әлі нашар бағаға ренжіп тұрсаң да партаны ұрма! Бұл дұрыс емес. одан да өзіңді не алаңдатқанын ашық айт немесе өз сезімдеріңді суретпен бейнелеп берсең де болады».

* * *

Мұғалімдердің сұрақтары:

Оқушыларымның сезімдерін ескеруім керек пе? Бұл психологтың жұмысы емес пе? Менің уақытым кейде сабақ беруге де жетпей жатады...

Кейде бізге айналмалы жол боп көрінетін нәрсе ең тура әрі жақын болып шығады. Мүмкін бірнеше минутымызды оқушының сезімдеріме күресуге жұмсаған да жөн шығар. Бұл сабақ уақытының көп бөлігін олардың проблемаларын шешуге жұмсағаннан гөрі әлдеқайда жақсырақ. Әрі десеңіз, қиын жағдайға тап болған балаға дер кезінде көмектесе аласыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 57 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: