07:51
Бала болмысы һәм оқушы ортасы

СЫНАП, АҚЫЛ АЙТУДЫҢ ОРНЫНА...

- Мен үйдің кілтін жоғалтып алдым.

- Тағы да ма? Қайда болып еді?..

- Міне, мына жерде қалтамда болатын...

- Таңғалмаймын! Сенің қалталарың сондай-й кішкентай ғой!

- Мен саған үзілісте жүгірме деп бірнеше рет айттым. Бірақ сендер тыңдамадыңдар! Сондықтан сен кілтіңді жоғалттың.

- Анам мені өлтіреді!

- Ал бұған кім кінәлі? Енді ол сені үйге кіргізу үшін тағы да жұмыстан сұрануға мәжбүр болады!

- Жоғалған затар бөлімінен сұра!

- Болашақта абайлап жүр.

- Қандай ақымақ едім!

Мұғалімнің сабақ беруге деген ықыласы жақсы. Алайда оқушыға сын мен ақыл-кеңесті әр кезде айта берсе, онда балаға өз проблемасын мұқиятты түрде ойлау қиынға соғады. Тіпті мұндай тығырықта бала өз жауапкершілігін сезіне алмауы әбден мүмкін.

 

БАЛАНЫҢ СЕЗІМІН СӨЗДЕРМЕН, ОДАҒАЙЛАРМЕН МАҚҰЛДАҢЫЗ

(«Солайма? «М-м-м», «Түсінемін», т.б.)

- Мен кілтімді жоғалтып алдым.

- Рас па?

- Кілт қалтамда болған. Бенджимен арпалысып жүргенде түсіп қалған болар...

- М-м-м...

- Осы аптада екінші рет жоғалтуым. Ана мені өлтіреді!

- Түсінемін...

- Анам жұмыстан келгенше Бенджидің үйіне баруға бола ма екен? Одан сұрайын.

- Енді кілтті жіпке байлап, мойныма іліп қоямын.

- Дұрыс-ақ.

Қайғысына ортақтасатын «ым» ишарасындағы жауап, оны түсінетін жауап бас изеу немесе мақұлдау – баланың өз проблемасына ойын жинақтап, шешімді өзі табуына көмектеседі.

* * *

Ата-аналардың сұрақтары:

Өткен аптада менің 13 жасар қызым үй тапсырмасын орындамағаны және емтиханға дайындалмағаны үшін қатты ренжіді. Ол өзінің ең жақсы досына бір сырын айтыпты. Бір балаға ғашық болып қалған екен. Ал құрбысы әлгі балаға сыр ғып айтқан бұл әңгімені бірден жеткізіп қояды. Опасыздықтан жапа шеккен қызыма не айтарымды да, қандай кеңес берерімді де білмедім. Мұндай қиын сәтте не істеуім керек еді?

Ақылдасу барысында, тіпті өзіңізден көмек сұралған жағдайда да («Мама, мен не істеуім керек?) әрқашан белгілі бір қауіпке кезігесіз. Бала күрделі эмоционалды күйде жүргенде, сіздің сөздеріңізді тыңдамауы да мүмкін. Бұл тым ауыр. Сіздің оған айтқан ақылыңыз дұрыс еместей немесе адамды кемсіткендей болып көрінуі мүмкін. («Мұның маған нендей қатысы бар?») («Өз мәселелерімді өзі шеше алмайтындай, мені ақымақ көресің бе?»). Кейде бала айтылған ақылды жеке өміріне қол сұғу деп қабылдауы мүмкін. («Маған не істеуім керектігін бұйырмаңыз!») Кейде тіпті қауіп тудыруы мүмкін («Мұның бәрі өте жақсы кеңестер, бірақ мен оны ешқашан жасай алмаймын!»).

Қызыңыз өз мәселесінің шешімі туралы ойланардан бұрын сізбен бірқатар ойларымен бөлісе алады. «Досыммен жанжалдасуым керек пе, керек болса ол қалай жүзеге асады? Болашақта досыма сенуге бола ма немесе онымен қарым-қатынасты сақтауым керек пе? Мұндайда балаға бірдеңе айтуым керек пе? Егер айту қажет болса, не айтсам болады?»

Мұның бәрі бала үшін өте маңызды сұрақтар. Сұрақтарға дұрыс жауап алу арқылы сіздің қызыңыз адами қарым-қатынастың негізін жақсы түсінуге тырысады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 53 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: