20:20
Бабадан қалған асыл сөз

МАҚАЛ-МӘТЕЛ – МАРЖАН СӨЗ, ҚОСА КӨРМЕ АРЗАН СӨЗ

Ел қалаған ұл-қыздар,

Ел көгінде жұлдыздар.

* * *

Жақсылық қылсаң халыққа,

Бір қайырымын аларсың.

Жамандық қылсаң халыққа,

Жапанда жалғыз қаларсың.

* * *

Елді тастап, шетке кетпе,

Шетке кетсең де, көпке кетпе.

* * *

Халықтан – қайырымдылықты,

Қариядан байымдылықты үйрен.

* * *

Өнерлі елдің оты сөнбес.

* * *

Ынтымақ – бұзылмайтын қорған,

Қосылып еккен ағаш – орман.

* * *

Ауыл болсаң, қауым бол.

* * *

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

* * *

Ұрыс ырысты қашырар,

Ынтымақ белге асырар.

* * *

Көп ел – сарқылмас көл.

* * *

Ынтымақсыз елді – ұрысы билейді,

Ынтымақты елді – дұрысы билейді.

* * *

Тату елдің тамағы таусылмайды.

* * *

Туған жер – тұғырың,

Туған ел – қыдырың.

* * *

Жер – ырыстың кіндігі.

* * *

Ер жақсысы елін сағынар,

Ат жақсысы атын сағынар.

* * *

Жер тоймай – ел тоймайды.

* * *

Жері азған елде тоқшылық болмайды,

Ері ынтымақты елде жоқшылық болмайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 126 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: