18:59
Бабадан қалған асыл сөз

МАҚАЛ-МӘТЕЛ – МАРЖАН СӨЗ, ҚОСА КӨРМЕ АРЗАН СӨЗ

Бірлік түбі – тірлік.

* * *

Татулыққа не жетсін,

Тәуекелден не кетсін!

* * *

Ынтымақ – орман,

Жау ала алмас қорған.

* * *

Ынтымақты елге ешкім жетпес,

Ынтымақсыз елдің өкініші кетпес.

* * *

Отаны бар адам – зор,

Отансыз адам – қор.

* * *

Отан қадіріне жетпеген

Өз қадіріне де жетпейді.

* * *

Ерінен айырылған, көмгенше жылайды,

Жерінен айырылған, өлгенше жылайды.

* * *

Шекараң берік болмай,

Басыңда ерік болмайды.

* * *

Жауды басындырма,

Жақынды ашындырма.

* * *

Елі еріксіз болса,

Ері көріксіз болады.

* * *

Ер ерлігін істесе,

Ел елдігін істейді.

* * *

Ердің ерлігін білмеген,

Елдің елдігін білмейді.

* * *

Елін сатып – асаған,

Екі күн ғана жасаған.

* * *

Өз халқыңды өз ете алсаң,

Өзге елге құл болмайсың.

* * *

Қатардан ассаң да,

Халықтан аспақ жоқ.

* * *

Тозар елдің жанжалы бітпес,

Озар елдің арманы бітпес.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 177 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: