19:29
Бабадан қалған асыл сөз

МАҚАЛ-МӘТЕЛ – МАРЖАН СӨЗ, ҚОСА КӨРМЕ АРЗАН СӨЗ

Жат елдің жақсысы болғанша,

Өз еліңнің сақшысы бол.

* * *

Есі бар жігіт елін табар,

Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

* * *

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Болар жігіт Отанын сүйеді.

* * *

Алтын тағың болғанша,

Алақандай жер болсын.

* * *

Жерін қорлаған – Жеріне мыймайды.

Елін қорлаған – Еліне сыймайды.

* * *

Елі жоқ жер жетім,

Ері жоқ ел жетім.

* * *

Елді ер сақтайды,

Ерді жер сақтайды.

* * *

Елін сүйген ерлік істейді.

* * *

Ер жігіт –

Ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

* * *

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

* * *

Ырысқа қарай ұл өсер,

Қонысқа қарай мал өсер.

* * *

Туған елің болмаса,

Тумай-ақ қойсын Күн мен Ай.

* * *

Ел – иесіз,

Жер киесіз болмайды.

* * *

Малы жоқ деп,

Ерден түңілмек.

Шөбі жоқ деп,

Жерден түңілме.

* * *

Отаны бірдің – тілегі бір,

Ошағы бірдің – білегі бір.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 143 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: