16:20
Бабадан қалған асыл сөз

ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН!

ШЕРХАН МҰРТАЗА (1932 – 2018)

Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Белгілі қоғам қайраткері, танымал жазушы, журналист-публицист, ел мүддесі мен ұлттық құндылықтарымызды қорғауға зор үлес қосып, күрескерлік танытқан, көзге түскен құрметті тұлғалардың бірі болған. Шығармалары бірқатар елдердің тілдеріне аударылған. Шерхан Мұртаза г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, сондай-ақ өз заманымыздағы танымал жазушылардың біразының туындыларын қазақ тіліне аударған.

* * *

Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек.

* * *

Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел.

* * *

Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі менанасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.

* * *

Ана тіліміздің мәртебесін көтеру – басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме – өзгені де өлтірме» деген сөз.

* * *

Ұлтсыздық – отансыздықтың белгісі.

* * *

Сақтасаң – қазаққа жау болған қазақтан сақта!

* * *

Рухани әлемі кең, рухы биік ел – қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де – жеңіл.

* * *

Рухани азып-тозу – өліммен тең.

* * *

Рухтың анасы – ана тіліндегі кітап.

* * *

Тәуелсіздік – адам құнымен өлшенеді.

* * *

Мемлекетімізге, зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған орасан қауіп – жемқорлық,парақорлық,иұрлық-қарлық.

* * *

Демократия – жүгенсіздік емес.

Бостандық – жүйесіздік емес.

* * *

Астана – қазақтың бөлінбес бірлігінің, мәңгілік тұтастығының символы болуы шарт.

* * *

Қазақ тілі – жаралы теңбіл барыс сияқты. Ылдидан қарғып шыққан жолы қан сорғалаған ізге толы.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс – 1986 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты.

* * *

Тәуелсіздік – жаңа шығып келе жатқан Күн. Елдің емес, жас мемлекеттің емес, өз қарақан басының қамын ойлаған жемқорлар, парақорлар. Қазақстан байлығын талан-таражға салған сатқындар! Жаңа шығып келе жатқан күнді көлегейлеп, бұлтпен бүркемелеп, тұмшаламаңдар!

баспаға әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 152 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: