13:51
Бабадан қалған асыл сөз

ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН!

МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ (1923 – 2017)

Қазақтың көрнекті ақыны, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Ел аузындағы аңыз-ертегілерді тере жүріп, жаңғырта жырлаған. Ол сондай-ақ халқымыздың мақал-мәтел, нақыл сөздерін жинаушы, зерттеуші ретінде де танымал. Мұзафар Әлімбаев – жыр-бәйгесінде өзіндік орны бар дара ақын. Өз ғұмырында балалар ақыны ретінде тынымсыз еңбек еткен.

* * *

Ел зердесіне көшкен елеулі сөз.

* * *

Жаңғырығы жоқ сөздің жақсылығы шамалы.

* * *

Жер күтпеген ерден түңіл,

Ер күтпеген елден түңіл.

* * *

Ана тілі

Ананың құнар сүті ғой,

Ғұмыр бойы сен еметін.

Ана тілі

Халқыңның ырыс-құты ғой,

Игілігіңе кенелетін.

* * *

Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік ерлікке жеткізер.

* * *

Елге пайдасы жоқ елгезектік.

* * *

Ерден ердің артықтығы – білігі,

Елден елдің артықтығы – бірлігі.

* * *

Елге көздеген оқ ердің жүрегіне қадалады.

* * *

Елдің қамын ойлаған ерте есейер.

* * *

Ұлтын ілгің келсе – ғұрпын біл.

* * *

Отанын ойлаған орта жолда қалмас.

* * *

Туын жықпайтын – бүтін ел,

Туы жығылған түтілер.

* * *

Еркіндік туы – елдік.

* * *

Аздың азаншысы болғанша,

Көптің қазаншысы бол.

* * *

Үлкен елдің баласына

Ұсақ болу жараспас.

* * *

Елден жинауды үйренсең,

Елге сыйлауды да үйрен.

* * *

Қандастықтан жолдастықты жоғары қоюды қашан үйренер екенбіз?!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 139 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: