16:29
Бабадан қалған асыл сөз

ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН!

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894-1938 ж.ж.)

Туып-өскен жері Алматы облысының Ақсу ауданы. Қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген дарынды ақын. Өлеңдері күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған. Ілияс Жансүгіровтің шығармалары қазақтың асыл қазынасы – ауыз әдебиетінен нәрленіп, бастау алады. Ол сондай-ақ әлемдік әдбеиетке тиесілі бірқатар танымал шығармаларды қазақ тіліне аударған.

* * *

Ағынды менің Ақсуым

Арқырап әлі ағасың...

Жалғыз жазғы бір кеште,

Жағаладым жағасын.

* * *

Тарт күйіңді, домбыра!

Төгіл, төгіл тәтті күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін, желпін жел соқтыр!

* * *

Өлкем өсіп ел кенелді,

Көгім жайнап жер гүлденді.

* * *

Ауылдың алды асқар тау,

Сқар таудан асармыз.

Асып жайлы жасармыз,

Ел ер жетіп есен-сау.

* * *

Елім жаңа жұртқа қонды,

Жұрт жұмысқа қойды қолды.

* * *

Тасқында, тау суындай көңіл жыры,

Қазақтың сусындасын ойы-қыры.

* * *

Елдің өмірі жырдай болып,

Сұмның күні қуғын болды.

* * *

Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас,

Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!

Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,

Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас!

* * *

Әйел-еркек, жалпы жас,

Көтеріл, көрін, көзіңді аш!..

Топтал, тұтас, туғандас!

Жассын еркің! Жоғалмас.

Жамырас, үлес, жалпы жас,

Қосыл, қозғал, қоғамдас!

* * *

Бүгін, бүгін, бүгін дала!

Мұндай ма еді бұрын дала?

Көктен күні сәуле шашып,

Көкке шарпып нұрын дала.

Өлкем өсіп ел кенелді,

Көгім жайнап жер гүлденді.

Тауым ашып қазынасын,

Жомарт жерім шашты кенді.

Елім жаңа жұртқа қонды,

Жұрт жұмысқа қойды қолды.

Білім бұлақ сусын болды,

Елдің өмірі жырдай болып,

Сұмның күні қуғын болды...

* * *

Ел үшін еңбек қыл

Көркейер біздің ел...

* * *

Асылын арманынан аршып алдым

Қашаннан қазынаға халқымыз бай.

* * *

Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,

Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.

* * *

Халқымның қуанышты бұлбұлымын,

Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 161 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: