10:42
Бабадан қалған асыл сөз

ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН!

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН (1894-1938 ж.ж.)

Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, көрнекті суреткер ақын-жазушысы. Туып-өскен жері қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бүгінгі қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Өз шығармаларында сауатсыздықпен күресті алға тартқан. Бейімбет Майлин проза, поэзия, драматургия салалрында бірдей еңбек етіп, қазақ әдебиетінде сатира жанрын қалыптастыруға да зор үлес қосты. Қазақ прозасындағы әңгіме жанрына ерекше реңк берген оның туындыларының тақырыбы сал алуан, оның ішінде отбасы, әйел теңсіздігі тақырыптары да қамтылған.

* * *

Барлық қазақ иемденіп жұмақты,

Басқаларға орын қалмай жүрмесін.

* * *

Жан біткендер іздеп жатыр керегін,

Тұр, қалғыма, көтер басты, әй, қазақ!

* * *

Құтты болсын, Алаш ұлы, тілегің!

Көп жыл жүріп қолға түскен теңдігің.

* * *

Жарық сәуле өндіретін қазаққа,

Мәңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!

* * *

Келді кеңдік, туды теңдік басыңа,

Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа.

Туысқанды, құрдастықты асыра,

Араздықты араңдағ жой, қазақ!..

* * *

Оқу – білім бұлағы,

Оқыса елдің ұланы –

Тірілтіп, елге жан бітіп,

Елі үшін жұмақ қылады.

* * *

Бәрін айт та, бірін айт,

Коллективтің жырын айт.

* * *

Ай, штат, не қылмадың қазағыма,

Салың ғой момындарды азабыңа.

Байларға мыңды айдаған күлгірленіп,

Алдаумен іліктірдің тұзағыңа.

* * *

Қазақ боп іс қыл,

Бірлікпен күш қыл.

* * *

Сен үшін туып,

Белімді буып,

Кірістім қызмет қылмаққа.

* * *

Жұртты сүйер ерлер шығып қолбасы,

Саф азамат бағылан болып жолдасы.

Жарық сәуле өндіретін қазаққа,

Мәңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 185 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: