22:33
Бабадан қалған асыл сөз

ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН!

СӘКЕН (СӘДУАҚАС) СЕЙФУЛЛИН (1894-1938 ж.ж.)

Бүгінгі қазақ әдебиетін қалыптастыруға үлес қосқан ақиқы ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайртакері. Қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр (қазіргі Шет ауданы), Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаған. Алғашқылардың бірі болып, Қырғыз АКСР-і Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы (1920-1925) қызметін атқарған. Өмірде де, өнерде де белсенді, кемеңгер де күрескер ақын өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы сұрапыл саясат салдарынан жазықсыз жапа шеккен қазақ әдебиетінің «үш бәйтерегінің» бірі.

* * *

Кеңсің дала,

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала!

Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана сен ғана!

* * *

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,

Ағашты биік таулы жерлері бар.

Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын

Меймандос, берекелі елдері бар.

* * *

Думанды шалқар көлдері-ай,

Еркін дала белдер-ай.

Қаздай қатар мыңғырып,

Тізіліп көшкен елдер-ай.

* * *

Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,

Тең құрбымен қағысып, ойнап жүргенім.

* * *

...Жылқы, қой, сиыр, түйелі,

Сағындым Арқа – жерімді.

* * *

Біздің бір үлкен кемшілігіміз – басқа жұрттан бұрын өзімізді «киргиз» дейміз. Біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный Киргизстан» деп аталады. Егер де біздің қазақ бұл қатені түзетем десе, оп-оңай түзетіп әкетер еді...

* * *

Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік.

* * *

...Істі қазақшаға аударуды ауылдан, болыстан, ауданнан бастау керек. Волостной исполкомдарда істі қазақ тілінде жүргізу үшін уездерде соларға кісілер даярлап жіберетін курстар ашылу керек. Ауылдан, болыстан, ауданна қаладағы мекемелерге қағаз жазғанда ылғи қазақ тілінде жазып отыру керек. Қалалардағы мекемелер қазақша жазылған сөздерді алып тексеріп отыруға міндетті. Күллі тілдің бәрі бірдей жүреді деген закон бар. Енді қазақша хат білетін кісілер де бағалырақ болу керек. Әлі қазақша хат білмейтін адамдар французша білсе де Қазақстанда бір кезде іске аспай қалуы ап-анық нәрсе.

* * *

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды.

* * *

Халықтың қорлық көрген туын ұстап

Әділдік жолын іздеп қуған едім.

* * *

...Өнерлі елге жетпек керек,

Болды ғой, басып озып өтпек керек.

Елден безген ер үшін,

Ауыл емес қорыққан...

* * *

Азамат, жүнжіме, жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос,

Ту ұстап дұшпанға барайық,

Теңдіктің ұранын салайық.

Тізесін батырған залымнан,

Күн туды – біз теңдік алайық!

* * *

«Қазақ» деген атымыз қайтарылып, егеменді ел болдық!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 155 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: