17:01
Бабадан қалған асыл сөз

ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН!

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893-1920 ж.ж.)

ХХ ғ. басында өмір кешкен көрнекті ақын, прозашы, публицист. Сұлтанмахмұттың өлеңдерінен тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтын қатты сынға алған. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде жан сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеуметтік өмірмен ұштастыруға талпыныс жасайды. Өмір шындығын көркем бейнелей келе, Сұлтанмахмұт қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтіп, ұрпағына сырға толы лирикалық өлең туындыларын мұра етіп қалдырды.

* * *

Ел түзелсін десең, әуелі өзіңді түзе.

* * *

Лайық ел болуға ісің бар ма,

Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.

* * *

Сүйемін туған тілді – ана тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

* * *

Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.

* * *

Бірінші: ел болуға намыс керек,

Мал-жанды намыс үшін салыс керек.

* * *

Өнерлі ел бар мұқтажын жерден емеді,

Бар қиынды тек қаа ғылым жеңеді.

* * *

Ел үшін еңбек етсең, халқыңа сүйкімді боласың.

* * *

Ер өлсе де, елге еткен еңбегі өлмейді.

* * *

Ел болудың бірінші тірегі – білім.

* * *

Бақытқа жетудің ең «жеңіл» жолы – ел үстінен күн көру.

* * *

Біздің қазақ – әнқұмар халық.

* * *

Бір халықтың әні кетсе – сәні кетеді; сәні кетсе – жаны кетеді; қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе , әнді сақтаудың қамын қылыңдар.

* * *

Ер еңбегі – елге ортақ.

* * *

Елге пайда – ерге абырой.

* * *

Ердің еңбегін ел білерлік заман бізге де туар ма екен.

* * *

Ер бар ма елі үшін жан қиятын,

Басшы бар ма етегіне ел сиятын.

* * *

Қайдан табам халықтың шын баласын...

* * *

Оқу-білім көркеймек елге егіп пайдасын,

Ел жетіліп көркеймек өнер қанат жайғасын.

* * *

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып, күн болам!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 165 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: