17:09
Бабадан қалған асыл сөз

ҰРПАҚҚА МӘҢГІ ТІЛ ҚАТШЫ, ДАЛАМ...

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (1490-1523 ж.ж.)

Азаулы (Азов) шаһарынан шыққан (Астрахан маңы) Доспамбет жырау қазақ хандығы құрылар тұста өмір сүрген.

Ерлік пен еркіндіктің аңсаған жорықшы жырау Доспамбеттің ұлттық әдебиетіміздің қалыптасауында алар орны ерекше. Ол өз толғауларында ұрпағына еліңді, жеріңді қорғай біл деген өсиет қалдырып, өз заманындағы ерлік дәстүр мен батырлықты дәріптеген. Кей деректер бойынша, Доспамбет кезінде Қырым, Ноғай және Қазан хандықтарының арасындағы бірқатар жорықтар мен шайқастарға қатысқан. Өкінішке қарай, жыраудың ақындық мұрасы біздің заманымызға толық жетпеген. Жекелеген қолжазбаларда сақталып қалған шығармалары ХІХ ғасырдың басында әртүрлі әдеби жинақтарға енген.  

...Екі арыстап жау шапса,

Оқ қылқандай шаншылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Бетегелі Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес!

* * *

Еңсесі биік ақ орда – еміне кірер күн қайда,

Қара бұлан терісін етік қылар күн қайда.

Күдеріден бау тағып кіреуке киер күн қайда,

Күмбір-күмбір кісінетіп, күреңді мінер күн қайда.

Толғамалы ақ балта толғап ұстар күн қайда,

Алты құлаш ақ найза ұмсынып шаншар күн қайда,

Садақ толы сәйгез оқ, масағынан өткеріп,

Басын қолға жеткеріп, созып тартар күн қайда?!

* * *

Қоғалы көлдер, қом сулар –

Қонысқа көнген өкінбес,

Арыстандай екі бұтын алшайтып

Арғымақ мінген өкінбес...

* * *

Айнала бұлақ басы – Тең,

Азаулының Стамбұлдан несі кем?!

Азаулының Айдамет Ер Доспанбет ағаның

Хан ұлынан несі жоқ,

Би ұлынан несі кем?!

* * *

Айналайын, Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?!

Қара бұлан терісін

Етік қылар күн қайда?!

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке киер күн қайда?!

Күмір-күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер күн қайда?!

Толғамалы ақ балта

Толғап ұстап күн қайда?!

Алты құлаш ақ найза

Ұсынып шаншар күн қайда?!

* * *

Қалаға қабылан жануар тигей ме,

Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме!

Қабарғадан қараған

Достым менен дұспаным:

«Апырым ер Доспамбет!» - дегей ме!..

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 224 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: