08:48
Бабадан қалған асыл сөз

ТАРИХТЫ ТЫҢДАУ – ҰЛЫ ҒИБРАТ

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН (шамамен 1017/1021-1075 ж.ж.)

Толық аты Жүсіп Хас-Хажыб. Шу бойындағы ескі қаланың бірі – Баласағұнда туған. ХІ ғ. 70-ж. дейін өмір сүріп, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған дарынды ақын, данышпан-ойшыл ғалым, мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» («Құтадғу білік») дастаны әлемдік әдебиет тарихындағы мәңгілік өшпес бірден-бір әдеби мұра болып табылады. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи және қоңғамдық-саяси өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен, ғылымы мен әдебиетінен, мәдени деңгейінен, әдет-ғұрпы мен наным-сенімінен мағлұмат беретін бірегей туынды. «Құтты білік» дастанының біздің заманымызға дейін үш көшірме нұсқасы жеткен. Ақынның, сондай-ақ толғамы терең өзге де рубаилары белгілі.

Халық бүлінсе – саясат түзейді,

Халық тарықса – үкімет жұтайды.

* * *

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,

Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

* * *

Жай халықсыз болмайды іс те, ештеңе – жайлап сөйлес, жөнсіз билеп-төстеме.

* * *

Қылыш қан төксе – иесі ел билейді.

* * *

Бек қызыққа құмар болса – қалған елдің күні қараң.

* * *

Сараң бек ел билей алмайды.

* * *

Елшісі епсіз басшының бағы жанбас.

* * *

Тіл – елшінің қылышы.

* * *

Ақылсыз адам – мәуесіз ағаш секілді.

* * *

Көңіліне қарай – дос таңда, күшіне қарай – жүк таңда.

* * *

Бала нені білсе жастан, ұядан,

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

* * *

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

* * *

Ел билеу үшін ақыл, жүрек, ой керек.

* * *

Ұлық болсаң – кішік бол.

* * *

Қылыш – ел шауып, қазына құрайды,

Қалам – қазына тауып, қайыр сұрайды.

* * *

Қара халық ханы кетсе, басынан айырылар.

* * *

Халықтың хақы әкімде.

* * *

Халық бүлінсе, саясат оны түзейді.

* * *

Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады.

* * *

Қара халық қызмет етсе, бектер биіктеп кетеді.

* * *

Қылыш елді күзейді,

Қалам елді түзейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 242 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: