22:49
Ғажайып ми

МИЫҢЫЗДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ТЕКСЕРІҢІЗ

Мидың оң жақ бөлігінің жұмысын арттыру үшін:

егер миыңыздың сол жақ бөлігі жақсы жұмыс істесе, оң  жақ бөлігінің де дәл солай жұмыс жасауын қадағалаңыз.

  1. Ақпаратты тұтастай қабылдаңыз. Үйреніп қалған әдетіңіз бойынша детальдарды анализден өткізудің орнына бұл құбылыстың мақсаты мен мәнін анықтаңыз.
  2. Тәуекелшіл болыңыз. Қоршаған ортадан қорғанып жүру секілді ойларды қысқа мерзімге ысырып қойыңыз. Әдеттегі іс-әрекеттерді басқаша орындаңыз. Мысалы, бұрын-соңды жасамаған тағамдарыңызды жасап көріңіз.
  3. Құбылыстарды өзгеше қабылдаңыз. Мүмкіндіктерді күдік деп қабылдаудан аулақ болыңыз.
  4. Шығармашылық адамына тән қасиеттерді игеріңіз. Өзіңізді мазалап жүрген мәселелерді қағаз бетіне сурет етіп салыңыз. Оның түсі мен түріне мән беріңіз.
  5. Жұмыста үзіліске жиі шығып тұрыңыз. Бос уақытыңызда спортпен, бимен айналысыңыз.
  6. Түйсігіңізге сеніңіз. Ойыңызға келген идеяларды жүзеге асыра біліңіз. (Мейлі, кішкентай идеялар болсын).

 

Мидың сол бөлігінің жұмысын жақсарту:

  1. Алынған ақпараттың детальдарына мән беріңіз. Оны «Кім? Қашан? Қайда? Не? Қалай? Не себепті?» деген сұрақтардан бастауыңызға болады.
  2. Ұйымдастырушылық қабілетіңізді дамытыңыз. Орындалуы керек жұмыстардың тізімін жасаңыз. Оларды үнемі жазып отыруға дағдыланыңыз.
  3. Алдын-ала жоспарлаңыз. Алдыңызда тұрған жұмысқа жақсылап кірісіңіз. Оны орындау үшін бірнеше тәсіл ойластырыңыз. Артынша логиканың көмегімен осы тәсілдерді жүзеге асырыңыз.
  4. Болашаққа бағдар жасай біліңіз. Алдыңызға үлкен мақсаттар қойып, оның орындалуына әрекет жасаңыз. Әрекетіңіз міндетті түрде шынайы өмірге сәйкес болуы керек. Мақсаттарыңызға қалай жету керектігін де жазып отырыңыз. Осы жазбалар арқылы қажет уақытта өзіңізді жинақтай аласыз.
  5. Батыл шешімдер қабылдаңыз. Дұрыс ұйықтағыңыз келсе, теледидарды немесе смартфонды ертерек өшіріңіз. Шешімді спортпен айналысу бароысында, шахмат ойнағанда, серуендеп жүргенде ойластырыңыз. Достарыңыз бен жақындарыңыздың көмегіне жүгінуден ұялмаңыз.
  6. Логикалық ойлауды жаттықтырып отырыңыз. Сөзжұмбақтар шешіңіз.
  7. Есте сақтау қасиетіңізді тәрбиелеңіз. Мысалы, қиын сөздер мен керекті мәтіндерді, соның ішінде Құран аяттарынан бастасаңыз болады.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: