21:51
Ғажайып ми

МИДЫҢ ОҢ ЖАРТЫ ШАРЫ және СОЛ ЖАРТЫ ШАРЫ ТУРАЛЫ

Ми – оң жарты шары және сол жарты шары болып екі бөліктен тұрады. Мидың оң жарты шары адам тәнінің сол жағын басқарса, сол жарты шары – оң жаққа жауапты. Енді мидың оң және сол жарты шарлары неге жауапты, соған тоқтала кетейік:

1. Мидың сол жарты шары: Мидың сол жарты шарының негізгі жауапты қызметі – логикалық ойлау және осы уақытқа дейін дәрігерлер осы жарты шар басым деп келеді. Алайда іс жүзінде, ол келесі функцияларды орындау кезінде ғана басым болады:

Мидың сол жарты шары тілдің қабілетіне жауап береді. Ол адамның сөйлеу, оқу және жазу қабілеттерін бақылайды, фактілерді, есімдерді, даталар мен олардың жазылуын еске түсіреді.

Мидың сол жарты шары аналитикалық ойлауға жауапты: Сол жақ жарты шар логика мен талдау үшін жауап береді. Барлық фактілерді дәл осы сол жақ жарты шар талдайды. Сандар мен математикалық таңбалар сол жақ жарты шарда да танылады.

Сөздерді тек тура мағынасында түсінеді: Сол жарты шар сөздерді тек тура мағынасында түсінеді.

Ақпараттарды кезеңімен өңдеп шығады: ақпарат сол жақ жарты шарда кезең-кезеңмен өңделеді.

Математикалық қабілетке жауапты: Сандар мен символдарды сол жарты шар таниды. Математикалық тәсілдер де сол жарты шардың жұмысының нәтижесі болып табылады.

Дененің оң жақ бөлігінің қозғалысын бақылайды.

Сіз оң қолыңызды көтергенде, оны дереу көтеру бұйрығы сол жарты шардан шықанын біліңіз.

2. Мидың оң жарты шары: негізгі қызметі – түйсікке жауапты. Әдетте, ол басым болып саналмайды. Ол келесі функцияларды орындауға жауап береді.

Вербальді (ауызша) емес ақпаратты өңдейді: Оң жарты шар ауызша ақпаратты емес, символдармен және кескіндермен бейнеленген ақпаратты өңдеуге бағытталған.

Кеңістікті бағдарлайды: оң жарты шар тұрған жерді қабылдау және тұтас алғанда кеңістікті бағдарлау үшін жауап береді. Дәл осы оң жарты шардың арқасында сіз жерді шарлап, мозаикалық пазлдың суреттері, бас қатырғыштар жасай аласыз.

Музыкалық қабілетке жауап береді: музыкалық қабілеттер, сондай-ақ музыканы қабылдау қабілеті оң жарты шарға байланысты, дегенмен сол жақ жарты шар музыкалық білімге жауап береді.

Метафоралар: Оң жарты шардың көмегімен біз метафоралар мен біреудің қиялының жұмысының нәтижелерін түсінеміз. Оның арқасында біз естіген не оқығандарымыздың тура мағынасын ғана түсінбейміз. Астарлы мағынасын да түсінеміз. Мысалы, егер біреу. «Ол менің құйрығыма ілулі тұр», - десе, оң жарты шар бұл адамның не айтқысы келетінін түсінеді.

Қиял: Оң жарты шар бізге армандауға және қиялдауға мүмкіндік береді. Оң жарты шардың көмегімен біз әртүрлі оқиғаларды қиялдап, құрастыра аламыз. Айтпақшы, «Ал егер де...» деген сұрақ оң жарты шардан пайда болады.

Көркемдік қабілеттер: оң жарты шар бейнелеу өнерінің қабілетіне жауап береді.

Эмоциялар: эмоциялар жарты шардың жұмысының нәтижесі болмаса да, ол мидың сол жақ бөлігінен гөрі эмоциялармен өте тығыз байланысты.

Төсек қатынасы: төсек қатынасына мидың оң жарты шар жауап береді. Егер сізді бұл процестің техникасы алаңдатпаса, оған мидың сол жарты шары жауапты. (жалғасы бар)   

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: