21:59
Ғажайып ми

АДАМНЫҢ МИЫ ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 40 АҚПАРАТ

  1. Адам миы барлық дене мүшелерімен салыстырғанда ең көп энергия алады. Миға оттегі аз түссе, есіней бастайды. Егер де көп түссе, біз өзімізді сергек сезінеміз.
  2. Ми ауруды сезбейді. Ауруды тек ми қабығындағы рецепторлар сезеді. Сондықтан кейде басымыз ауруы мүмкін.
  3. Өте ауыр стресс ми жасушаларының қызметі мен құрылысын өзгерте алады. Мәселен, кейбір адамдар ауыр стрессті басынан өткеріп, үздік туындыларын жасаса, өзгелер өз өмірімен қоштасып жатады.
  4. Интеллекті жоғары адамдар интеллекті төмен адамдарға қарағанда ми ауруына аз шалдығады.
  5. Ағзамызға түсетін тағам мидың жұмысына әсер етеді. Ғалымдар тағамның құрамында консерванттар, жасанды амартизаторлар мен бояғыштар бар өнімді қолданбауға кеңес береді.
  6. Дәрігерлер ауырған кезде суды көбірек ішуге кеңес береді. Себебі мидың 75%-ы судан тұрады.
  7. Мидың жұмысын жақсарту үшін кітап оқып, математикалық есептерді шығару керек. Сол арқылы өмір бойы мидың жақсы жұмысын қамтамасыз етуге болады.
  8. Ми – адам мүшесінің ең майлы жері, оның 60%-ын май құрайды.
  9. Жүктіліктің ерте кезеңінде нейрондар минутына 250000 жылдамдықпен дамиды.
  10. Ми қызметіне жауап ретінде адамдар өмір бойы жаңа нейрондарды жасап шығарады.
  11. Алкоголь өнімдері нейрондардың арасын жалғайтын процеске кедергі жасайды.
  12. Дауыстап оқу, кішкентай баламен ұзақ сөйлесу мидың дамуына әсерін тигізеді.
  13. Әртүрлі нейрондарға байланысты ақпараттар әртүрлі беріледі. Барлық нейрондар бірдей емес. Денедегі нейрондардың типіне байланысты ақпараттардың ең баяуы 0,5 м/сек, ал жылдамы 120 м/сек болуы мүмкін.
  14. Қуану, қорқу, бақыт, ұялу деген сезімдер адамға туа бітеді, тек тәрбие оны ары қарай дамытатындығын көрсетеді.
  15. Мидың не сол бөлігі, не оң бөлігі ғана жұмыс істемейді, олар әр кез бірлесе жұмыс істейді.
  16. Бес жасқа дейін екі тіл білген баланың ми құрылысы өзгеріп, кейін ондағы сұр зат тығыз болады.
  17. Ақпарат ақырын 0,5 м/сек немесе жылдам 120 м/сек өңделе алады (шамамен 268 км/сағ).
  18. Сергектік арқылы сіздің миыңыз 10-н 23 Вт энергия бөледі, бұл деген бір шамды қуаттандыруға тең.
  19. Мидың әр бөлігінің өз функциялары бар.
  20. Нью-Йорктегі миллион студентті түскі ас кезінде консервантсыз, бояғышсыз, хош иістендіргішсіз тамақпен тамақтандырғанда, олар зерттеуге қатыспаған студенттерге қарағанда IQ-і 14% жоғары нәтиже көрсетті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 28 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: