09:16
Ғажайып ми

АДАМНЫҢ МИЫ – КҮРДЕЛІ ТАҢҒАЖАЙЫП ЖАРАТЫЛЫС

Әлемдегі ең керемет кинозал – ми.                                                                           Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің.

Скотт Ридли

Адамның миы мен жүйке жүйесін зерттейтін нейробиология ғылымы кеңінен танымал болған осы ғасырда біз ми туралы көптеген ақпараттармен таныс болып жатырмыз. Бұрын «Емтихан алдында барлық материалды жаттап алу мүмкін бе? ана құрсағындағы сәби Құранды немесе классикалық музыканы тыңдаса ақылды болып туыла ма? Ерлер мен әйелдер әртүрлі ойлай ма? Біздің миымыз расымен де де тек 10 пайызға ғана жұмыс істей ме?» деген сұрақтарға жауап табылмаған болса, қазір барлығына жауап табылуда. Осы сұрақтардың жауабы бізді жеке тұлға ететін миымыздың жұмысына байланысты. Миымыз бізге Күннің батуынан ләззата алуға, таңертең ерекше сезіммен оянуға, шет тілін үйренуге, әзіл айтуға, досты жақынырақ тануға, қауіптен қашуға, өмірге жаңаша көзқараспен қарауға және осы сөйлемді оқуға т.б. мүмкіндік береді.

Соңғы жиырма жыл ішінде нейрофизиологтар мидың мұның бәрін қалай жасайтыны туралы көптеген ақпараттарға қол жеткізді. Бұрын ғалымдар балалық шақтан кейін адам миының жұмысы жақсармайды, тек нашарлай береді; зақымданған ми жасушаларының қалпына келуі мүмкін емес; ми ақауларымен туған немесе миы зақымданған адамдар өмір бойы осы тән кемшілігімен өмір сүреді деп есептеп келді. Ал кейінгі жылдары зерттеу жасаған ғалымдар адам миы өзгеруге бейім, мидың өлген жасушалары қайта қалпына келеді; ми ақауларымен туған немесе миы зақымданған адамдардың миы қалпына келеді; оқып-үйрену, ойлау және белсенді қимыл-қозғалыс, жаттығу адамның миының жұмысын өзгертеді әрі жақсартады деген қорытындыға келді.

Nature Medicine журналының хабарлауынша, испан ғалымдары 43 пен 87 жас аралығындағы қайтыс болған адамдардың ми үлгілерін зерттеп, олардың ешқайсысының тірі кезінде неврологиялық бұзылулары болмағанын анықтаған.

Ғалымдар «сау мидың құрамында «жаңа туылған» нейрондар бар, бірақ олардың саны жасы ұлғайған сайын біртіндеп азаяды. Егер қырық жаста орташа есеппен 40000 нейрон болса, жетпіс жаста ол 30000 болады» дейді.

Жаңа жасушалар «тісжегі қатпары» деп аталатын гиппокампта пайда болады. Гиппокамп адамның білім алуында, жады мен есінде, көңіл-күйінде және эмоцияларында маңызды рөл атқарады.

Ми жасушаларының біртіндеп жойылуы танымдық қабілетінің төмендеуімен қатар жүреді.

Зерттеудің екінші бөлімінде ғалымдар Альцгеймер ауруына шалдыққан 45 адамның ми үлгілерін зерттеген. Олар өлген кезде 52 жастан 97 жасқа дейін болған. Мидың тісжегі гирусында жаңадан пайда болған жасушалар барлығында, соның ішінде 97 жастағы ер адамда болды. Бірақ саны сау адамдарға қарағанда 25-50% аз болды.

Мадрид университетінің нейробиологі Мария Ллоренз-Мартин: «Физиологиялық қартаюдан басқа, кейбір тәуелсіз механизмдер жаңа нейрондар санының азаюын бақылау алады деп болжауға болады», - деді.

Бұдан шығаратын қорытынды, ми өзгеруге, дамуға, жұмысын жақсартуға бейім. Сондықтан оның жұмысын кез келген тиімді әдістер арқылы жақсартуға болады.

Алла тағала адам баласын күллі жаратылыстан үстем етіп жаратты, басқа тіршілік иелеріне қарағанда оған ерекше ақыл-ой берді. сондықтан адам баласы ақыл-ойын, зейін-зердесін пайдаланып, оны дамытып, өз дәрежесінде қолдану қажет.

Біз спортпен айналысамыз, кейде асқазан-ішектерімізді тазартып, шашымызға күтім жасаймыз. Бірақ мидың денеміздегі ең маңызды ағза болғанына қарамастан, біз оған түк көңіл бөлмейміз. Егер мидың сізге адал қызмет етуін қаласаңыз, оның жұмысын жақсартудың жолдарын қарастырып, ол үшін қалай тамақтану керек, қандай жаттығулар орындау керек және одан не күту керек т.б. білу керексіз.

Сондай-ақ бұрынғы бір танысты кездестіргенде, оның есімін есіңізге түсіре алмаған кезіңіз болды ма? Немесе бір бөлмеге не үшін кіргеніңізді ұмыттыңыз ба? Телефон мен кілттеріңізді неше рет жоғалттыңыз? Кеше ғана оқыған мәтіннің мағынасын есіңізге түсіре алмай қалған кездеріңіз жиі болып тұра ма?

  1. Мидың құрылымына, оның жалпы атқаратын қызметіне, басқа ағзалардан ерекшелігіне, арман мен мақсаттың миға қандай байланысы бар екеніне, мидың бізді алдайтынына, ми өзгерсе адам да өзгеретініне;
  2. Мидың жұмысын жақсарту үшін қандай тағамдар жеу керек екеніне, күнделікті өмірде қай нәрселерге мән беру керек екеніне, миды дамытатын әдістер мен жаттығулар жайлы, ми мен есте сақтау қабілетінің арасындағы байланысты, есте сақтау қабілетінің не себепті нашарлайтынына, оны жақсартудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін үйренуге;
  3. Өзіңіздің негізгі ойлау құралыңыз болып табылатын миыңыз бен ақпараттар «жәшігі» саналатын есте сақтау қабілетіңіз туралы күнделікті өмірде қолданбалы ақпарат алып, оларды дамыту т.б. жайында біліміңізді толықтыруға;
  4. Британиялық және жапондық ғалымдардың әдістеріне сүйеніп құрастырылған мидың жұмысы мен есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған 30 күндік жаттығуларды орындап, миыңыз бен есте сақтау қабілетіңізді дамытуға

назар қойып, көңіл бөлетін қызықты шақтар шақырады.

Бүгінгі білімге ерекше көңіл бөлініп жатқан заманда әрбір секунд сайын жаңарып отыратын ақпаратты қабылдайтын мидың мүмкіндіктерін зерттеп білу тек ғалымдар үшін ғана емес, әрбір адам үшін маңызды. Іске сәт!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: