23:10
Қазақтық

СЕН ТҰР, СЕН ШЫҚ!

Психологиялық мәні:

Ойынның психологиялық мәнінен гөрі педагогикалық-психологиялық маңызы басым.

Адам оқуға, үйренуге бейімделген. Өмірінің көп бөлігін, әсіресе, қазіргі кезде, оқуға, тоқуға арнайды. Адам өміріндегі оқудың маңыздылығы сонша – көп жыл бойы, әсіресе, кеңестік кезеңде психология оқу мен тәрбиелеу үрдістеріне қызмет етіп келді деп айтуға болады. Осылайша, психологияны біз педагогикалық-психология арқылы білдік десек, артқы айтқанымыз емес. Педагогикалық-психология кеңестік кезеңде психологияның ең дамыған салаларының бірі болып, жалпы психология осы сала арқылы ғана оқытылды деп айтуға болады.

Педагогикалық-психологияның пәні баланың оқу субъектісі ретінде интеллектуалдық және тұлғалық дамуы деңгейінде түрлі өзгерістер, үрдістер, заңдылықтар, механизмдер қарастырылды. Педагогикалық-психология – жалпы, оқу үрдісін басқарудың психологиялық механизмдерін, оқу үрдісін, балалардың қабылдау үрдісін басқару, оқу нәтижесіне әсер ететін жеке психологиялық факторларды, оқушылар мен мұғалімдердің болмыстық ерекшеліктерін зерттейді.

Педагогикалық-психологияда оқу үрдісі адамның психикалық үрдістеріне және сыртқы қимыл-қозғалысқа тікелей бағынады. Оқу барысында психикалық үрдістер адамға оқуға түрткі болып, бағыттаса, дайындаса, жоспарлау мен реттеп отыруына әсер етсе, сыртқы іс-қимылдар осы ниетті орындауға әсер етеді. Сондықтан оқу үрдісі келесідей компоненттерден тұрады: ынталандыру, оқу міндеттері, оқу әрекеттері, өзін-өзі бақылау, бағалау.

«Сен тұр, сен шық» ойынында жоғарыда аталған педагогикалық-психология саласының пәні мен міндеттері жүзеге асырылатындығын байқауға болады.

Біріншіден, ойын оқу мен дамуға бағытталған. Адам санау, логикалық ойлау, ептілік сияқты оқудың іргетасы болатын қабілеттерді игереді.

Екіншіден, ойын барысынан қазіргі оқу үрдісінің ұйымдастырылу қағидаларын көреміз:

- ойын барысында әркім өз саусағын тезірек түгел есептеп шығарып алуға тырысады. Саусақтары ең соңында қалған адам жазаланады (ынталандыру);

- санау, ойыннан саусақтарын шығаруға барынша тырысу, бүгу, бес түлікпен қарым-қатынасын түзу, ойын барысын бақылау (оқу міндеттері мен әрекеттері, бақылау);

- ұпай шартын өздері анықтау (өзін-өзі бағалау).

Жалпы, қазіргі кездегі оқу үрдістерінің қағидаларын халқымыздың кез келген ойынынан аңғаруға болады.

Сонымен бірге, ойын барысында бала бес түлік пен оның төлдерімен қатынас орнатады. Бұл жерде жалқымыз, ең алдымен, ойын барысында да балалардың тұрмыс-тіршілікпен тығыз байланыста болғанын көксегенін көреміз.

Айта кетерлік жайт, қазіргі кезде мектепке дайындық барысында психологиялық дайындығын тексерудің бір құралы ретінде үлкен-кішіні айыру, баласы мен анасын (қорғаушысын) анықтап білу сияқты қабілеттер толық жетілуі талап етіледі. Баланың оқуға дайындығын тексеру барысында бес түлік пен үй жануарларының анасы мен баласын ажырата білуі маңызды. Аталған міндеттің де осы ойын арқылы шешілгендігін көреміз. Сондықтан «Сен тұр, сен шық» ойыны – мектеп жасындағы балалар үшін таптырмас педагогикалық-психологиялық құрал.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: