07:32
Қазақтық

ЖЕТІ АТА

Психологиялық мәні:

Жеті атаның психологиялық мәнін қысқа-нұсқа жеткізу мүмкін емес.

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшелігі – бала құрсақтағы әлемінен жаық дүниеге келген кезде алғашқы әлем ретінде анасы қарсы алады. Содан кейін тек отбасы емес, әулетпен қарым-қатынасқа түседі. Бұғанасы бекімеген бала үшін көзін ашқаннан аталас туыс-тумалардың арасында өсуі оның сыртқы әлеммен байланысын нығайтып, емін-еркін, мамыражай күймен өмір сүруіне әкеледі.

Психоаналитикалық ілімде сыртқы әлем бала үшін жат. Гуманистік бағыттағы психологияда бала жетілуіндегі зор ролі туралы айтылса, экзистенциалдық психологияда адамның өз орнын біліп, кең дүниенің бір кірпіші, орны бар екенін сезінуі үшін, сеніммен өмір сүруі үшін айналасындағы адамдардың қырғиқабақ емес, мейіріммен, достық ниетпен қарау керектігі айтылған. Соңғы пікірмен қазіргі кезде әлемдік психология келісіп отыр деуге болады.

Халқымыз адамның сеніммен өмір сүретінін, өмірдегі қажетті кірпіш екендігін, бұлжымас орны бар екендігін жеті ата арқылы көрсеткен. Біріншіден, бала ұрпақтар сабақтастығында өз орнын біліп өскен, екіншіден, әлеммен қатынасы туыстық қағида арқылы өрбіген. Яғни жеті атаны білу – адамның әлеммен байланысындағы сенім тұрғысындағы іргетасы. Бала кезінен көріп өскені қоршаған адамдадарының барлығы аталас, рулас болған соң, бала жан-жағының өзіне туыс, дос екендігін, жалғыз еместігін, сүйенері мен қорғаншының бар екенін мойындап, бойына сіңіріп өседі.

Сонымен бірге, жеті атаны білу адамның өмірде тамырын тереңге жайған, өз орны бар екендігін көрсетеді. Тамыры тереңде жатқанын жетіс атасын білу арқылы, олардың өмір тарихын білуі арқылы сезінген.

Жеті атаны сақтау мен білудің осындай эффектілері күні бүгінге дейін өз жемісін беріп келеді. Психокоррекциялық жұмысқа келетін қаракөз қандастырымыздың жайбарақат, мамыражай, кез келген адаммен қатынаста сенгіштігі мен өзіндей көруі – жан-жағындағы әлемді туыс пен дос етіп көрсететін жеті атаны бойына сіңіріп өскендігінен болса керек.

Жеті атаны сақтап өскен қазақ үшін оның қағидаларын бұзу – психикалық жарақат туындататын жағдай. Мысалы, қазіргі кезде инцест деп аталатын өрескел әрекет, құбылыс бар. Инцест деген ер адамның туысқандарына қарамастан өз қарындасымен жыныстық қарым-қатынас жасауы. Бұл қыз табиғаты мен болашақ ана ретіндегі өмірінің мәніне қарсы жасалған өрескелдік.

Қазіргі таңда жеті атасын біліп, оның туыстық пен мейірім қағидаларының сақталмауы түрлі көкейтесті мәселелерге әкеліп, адам тағдырына қатысты ушыққан жағдайларды туындатып отыр.

Мысалы, криминология ілімінде 9-10 жасқа дейінгі балаларды зорлау қылмыстарының бір белгісі ретінде қылмыстың отбасылық, туыстық қатынаста жасалатындығы анықталды. Сонымен қатар, бұл қылмыстар латентті сипатқа ие. Яғни туысы жасаған зорлықты сыртқы шығармай, отбасында, ары кетсе әулет деңгейінде қалдыру көп.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жеті атаны жан-тәнімен сезінген, түйсінген, білген және сақтаған адам өз өмірінің тамыры тереңге жайылып, осы өмірде өз орнын нық білсе, керісінше жеті атасын «ұмытқан» адам биологиялық, психологиялық тұрғыда ұсақталып, өзі мен өзгеге қауіп төндіруі мүмкін екендігі психологияда дәлелденіп жатыр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 72 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: