09:36
Қазақтық

АУЫЗДАНДЫРУ

Бұл салт емес, ырым да емес, бұл – әрекет.

Жаңа туған нәрестені, төлді ауыздандырады. Халық санасында жаңа туған сәби немен ауызданса, өмірі де соған бейім болады деген болжам бар.

Сол себепті шыр етіп дүниеге келген нәрестені ана омырауынан бұрын басқа да түрлі тағамдық заттармен ауыздандырады.

Бұрынғы кезде байлар құйрық маймен, қазының майымен, т.б. тағамдармен ауыздандырған.

 

Психологиялық мәні:

Ауыздандыру, асылы, қазақта баланың өз асы – емшек сүтінен айыруға бағытталмаған, оның бірнеше медициналық және психологиялық астарын көруге болады.

Біріншіден, баланы ауыздандыруды емшек сүтінен басқа осы өмірдің ризықтарымен таныстыру жолы деп қабылдаған жөн. Осы тұста қазақтың баланы тезірек адам қатарына қосу мен оны қоршаған әлеммен таныстыруға асығуын байқаймыз. Қазіргі таңда медицинада баланы әр айдағы ерекшелігіне қарай ауыздандыру маңыздылығы дәлелденген.

Екіншіден, ауыздандыру баланың ана сүтіне жарымаған жағдайда да болуы мүмкін. Бұл тұста ауыздандыру қазақтың баланың тойып тамақтануына, дүние есігін аша сала аштықпен кездеспеуіне бар әрекетін жасағандығын көрсетеді. Яғни баланың ана сүтіне жарымауы оның өмір жолында теріс салдарға әкелетіндігін түйсінген.

Дүние есігін ашқан сәбидің тойып өмір сүруі, ана сүтіне жаруы – оның туабітті құқығы болса, осы құқықты жүзеге асыру – ересектің міндеті.

Қазіргі таңда медицинаның дамыған тұсында ауыздандырудың жоғарыда аталған астарлары бала өмірінде маңызды әрекет екендігі ғылыми еңбектерде дәлелденіп, нәрестені бағып-қағудың негізгі қағидаларына айналып кеткен. Кей жағдайда баланың алғашқы асы – емшек сүті жетіспеген жағдайда оған құрамы жағынан өте ұқсас жасанды сүт ұнтақтары дайындалады. Бала ана сүтіне жарымай жатқанда, қосымша ас қосу арқылы баланы ауыздандыру – медицина мен психологияның ғана емес, адамзаттың міндеті.   

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 134 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: