10:11
Қазақстан білім қоғамы жолында

БІЛІМДЕНУДІҢ ӨРКЕНИЕТТІ ӨРЛЕУІ

Әлқисса, қазақстандық білімденудің түрен салынбаған жаңа көкжиегі өркениетті өрлеуін бастап отыр. Үдемелі-дамулы Дербестіктің, еңселі-ерлеулі Егемендіктің һәм тұғырлы-тұрақты Тәуелсіздіктің жиырма жылынан соңғы ендігі жиырма жылдың арайында білімденудің модернизациясына деген назар нұр үстіне нұр шашуда. Ұзақ та қысқа мерзімді нақты бағдарламалар, жобалар құр сөз емес айқын іспен, әрекетпен орындалды, орындалып отыр әм орындалады да.

Күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық арналар арқылы тікелей эфир арқылы өткізген «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интербелсенді лекция-дәрісі кеудесіндегі жүрегінде азаматтық-елдік рухы асқақтаған әрбір қазақстандық тұлға үшін ерекше әсер беріп, баянды болашаққа деген, аянды өміршеңдікке деген ынта-құштарлығын ұстараның жүзіндей қайрай түскені мәшһүр.

Хош, он екі жылдық білімденуге жол тартқан Қазақстан білімі осынау лекциядан мақсатқа қарай жүрісін ілгерілетеді. Себебі сол – қазіргі таңда бұл бағытта барлық жағдай барша қауымға бірдей жасалуда.

Әлбетте, Елбасы биылғы жылдың шілде айында жария еткен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» тақырыптанған стратегиялық-бағдарламалық мақаласында қисыны қиын білім беру саласына айтарлықтай тоқталған еді. Оның үстіне білімдену қашан да мемлекеттің көкжиегін өркендетіп, еңсесін тіктейтін бірегей сала болып келе жатқаны сөзсіз. Енді міне Ұлт көшбасшысы кең де дарқан еліміздің бүгіні һәм ертеңі үшін аталмыш салаға әлемдік-еуропалық талаптарға жауап беретін білікті де білімді мамандар тартудың, олардан жатпай-тұрмай үйренудің үдемелі түрде дамып жатқан заман талабы екендігін айқын дәлелдеді.

Былтыр ғана негіздемесі біртіндеп құрастырыла бастаған мұғалімдердің біліктілігн арттырудың үр жаңа үш айлық «Өрлеу» курстары қаланы былай қойып, ауылдық мектеп мұғалімдеріне де іс жүзінде жол тартты. Интербелсенді лекцияны зер сала, ұйып тыңдаған көрермен Елбасының сөзінен бұны да естіді. Енді де Лебяжі аудандық білім бөліміне қарасты ауылдық мектептердің он төрт пән мұғалімі облыс орталығы Павлодарда үш айлық курстарды алғашқылардың бірі болып бастауда.

Ол ол ма, тамыз-қыркүйек айларының тоғысында Павлодарда жуырда ашылатын «Назарбаев зияткерлік мектебіне» химия-биология пәндерінен қабілет-қарымдары қалыптасқан 7-9 сыныптардың дарынды оқушыларын іріктеу өткізіліп жатыр. Және де қала-ауыл деп бөлу жоқ, бәріне бірдей баламалы жағдай жасалды. Демек, құр арманның күні батып, нақты қолжетімді мүмкіндік өз есігін айқара ашып отыр. Тек қана білуге деген талап, меңгеруге деген ынта һәм қолдануға деген қабілет үштағаны пырақтануы керек.

Сүйінші! 5 қыркүйектен бастап елімізде тұңғыш рет «Білім» спутниктік телеарнасы Елбасының тікелей рұқсатымен іске қосылды. «Отау-ТВ» топтамасындағы 126 арнадан көрсетілетін осынау білімдену арнасында оқушыларға, мұғалімдерге, студенттерге, тіпті мүйізі қарағайда кандидат-ғалымдарға пайдалы танымдық-әдістемелік дүниелер бар.

Шындығында, қазіргі кезде ауыл мектептерін модернизациялау жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Айталық, биылдың өзінде Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне су жаңа компьютер дәрісханасы және мультимедиялық дәрісхана берілді.ауданға қарасты басқа да мектепте осынау жаңғыру үзбей жүруде. Бұл жолда аймақтық-аудандық әкімшілік, аймақтық білім басқармасы, аудандық білім бөлімі жіті жауапкершілік танытып, іс жүзінде қайраткерліктерін ұштауда.

Асылында, Елбасы бағыттағандай, елдің бүгіні-ертеңіне үміт-сеніммен қарау үшін нұсқап отырған осынау лекция арқылы Ұлт көшбасшысының өскелең ұрпақ болашағы үшін шынайы қамқорлығы желбірейді. Ендеше, әр пән мұғалімі оқушылардың білімді болуымен қатар, шәкірттерінің зейіндерін өркениетті әлеуметтікке қарай оятып, ерен еңбекке деген құлшыныстарын белсендіруді бас мақсат санай отырып, Елбасының үдемелі-ілгеріңді бастамаларын қолдап қана қоймай, бойда бар қарым-қабілетін сарп қылып, Отан алдындағы азаматтық парызын абыроймен атқарғаны абзал.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББ мектебі директорының оқу істері орынбасары,

«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы  

Просмотров: 1196 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 6
6 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://www.vj.by/pro-igry-dlya-devochek - игры для мальчиков

5 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://onlgamer.ru/blog/adwords-v-avstralii-pridetsya-pomenyat/ - игры для мальчиков

4 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://www.mmoaddict.ru/04.2012/novaya-startovaya-zona-v-runescape/ - игры для мальчиков

3 axossetfutfom  
0
Здесь вы сможете найти телескопические погрузчики и навесное оборудование к ним, от ведущего производителя, компании Dieci. Мы предлагаем быструю доставку техники со склада в Москве и полную поддержку в течение эксплуатации. Сервисное обслуживание, гарантия, оригинальные запасные части. http://stroytochka.ru/spetstechnika/pogruzchiki.html - погрузчик телескопический

2 axossetfutfom  
0
Здесь вы сможете найти телескопические погрузчики и навесное оборудование к ним, от ведущего производителя, компании Dieci. Мы предлагаем быструю доставку техники со склада в Москве и полную поддержку в течение эксплуатации. Сервисное обслуживание, гарантия, оригинальные запасные части.

1 blueryembarly  
0
http://idwm.ru/r/Oberon - "Как делать деньги в интернете"?

Имя *:
Email *:
Код *: