14:13
Аттестатталу үдерісінен өтіп жатқан пән мұғалімдері...
2012 жылдың 21 ақпанында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде шығармашылық күн ретінде бірнеше ашық сабақтар һәм ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. ("Фотоальбомы" парағында суреттер бар) Айталық, 1-сабақта Ибраһим Б.К. 5 қазақ сынып оқушыларымен қазақ тілінен, 2- сабақта Қапанова Г.Ж. 9 қазақ сынып оқушыларымен ағылшын тілінен, 3-сабақта Құсманова Б.М. 8 орыс сынып оқушыларымен қазақ тілінен, 4-сабақта Түсіпова С.Н. 11 қазақ сынып оқушыларымен орыс тілінен, 5-сабақта Елеусізова Н.М. 6 қазақ сынып оқушыларымен географиядан ашық сабақ өткізсе, 6-сабақта Баева Ф.Т. 7-8 сыныптар оқушыларымен ағылшын тілінен сыныптан тыс іс-шараны интербелсенді тақтасы бар компьютер дәрісханасында жүргізсе, 6-сабақта Баяхметов Н.Х. бірқатар оқушылардан құрамдалған екі команда арасында "Алып жарыстар" атты спорттық жарысты спортзалда ұйымдастырды. Бұған дейін 27 қаңтарда 5-сабақта Оспанов А.Е. 8 қазақ сынып оқушыларымен информатикадан, ал 24 ақпанда 1-сабақта Жанпейсова М.Ғ. 4 қазақ сынып оқушыларымен қазақ тілінен, 4-сабақта Бекк В.А. 8 орыс сынып оқушыларымен физикадан интербелсенді тақтаны пайдалана ашық сабақ берді. Негізінен, биылғы оқу жылы үдерісінде жоғарыда тізімделген он пән мұғалімі кезекті аттестатталудан өтіп жатыр. Сәттілік серік, сенім берік болсын! 
Просмотров: 849 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: