23:07
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР

11. Барлау тамырдан қан алу

Кеудесіне қан түскен немесе бүгіжіктеп жүре алмай екі аяғын алма-кезек көтеріп ауырсынған жылқыны, сондай-ақ өкпе, жүрегі нашар жылқыны барлау тамырдан қан алу арқылы емдейді.

Емдеу тәсілі. Қанды тек күз айында шаншып қан ағызу арқылы алады. Алатын қанның мөлшерін жылқының жай-күйіне байланысты оташы өзі анықтайды.

 

12. Қолтық тамырдан қан алу

Жылқының бабын білмейтін тәжірибесіз адамдар атқа мінгенде үзеңгіні дұрыс пайдалана алмауынан немесе ауыр етіктің қажауынан аттың тақыр қолтығы мен кәрі жіліктің шынтағы сияқты терісі жұқа аумақ қажалып, қан түседі. Шынтағы зақымданған жылқы жай тұрғанда алдыңғы аяқтарын қосып ұстайды және жата береді.

Емдеу тәсілі. Мұны емдеу үшін алдымен жылқының қолтығынан күзде бір дүркін қан алады. Онымен дұрысталмаса, қыста, яғни желтоқсан айында арасына екі-үш апта аралатып екі дүркін қан алады. Үш ай күтім жасайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: