11:54
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР

7. Таңдайдан қан алу

Жөтел тиген немесе арнайы жемдеуге байлаған жылқыны жемге қойған күннен бастап екі апта өткен соң жемге бұрлығып қалмас үшін таңдайынан қан алады.

Емдеу тәсілі. Жылқының аузын керіп ашады. Үтсіңгі тісін мөлшерге ала отырып, таңдайдың үшінші бунағынан қандауыр шаншиды. Алатын қан мөлшері – 150 грамм. Таңдайдан қан алған жылқыны бір апта күтімге алады.

 

8. Сақау болған жылқыдан қан алу

Жас жылқылар (құлын-тай) сақаумен көптеп ауырады. Сақау дертіне шалдыққан жылқының жоғарғы тыныс жолдары, иек асты бездері іріңдеп ісінеді. Су ішпейді, ішкен суы мұрнынан қайта төгіледі.

Емдеу тәсілі. Алдымен сақауға ұшыраған жылқының іріңдеп ісінген жарасын жарып, іріңін ағызып, тазалап орайды. Одан кейін иек астынан шетіп қан алады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: