10:30
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР

5. Тіл астынан қан алу

Жылқы қатты шөлдегендіктен сілікпеге ұшыраса, салданса, суық тиіп жөтелсе, жұтқыншағына, қантамырларына қабыну пайда болса, іші қатып, тезегі түспей қиналса тіл астынан қан алады.

Емдеу тәсілі. Жылқы тілінің астыңғы жағында қапталдаса орналасқан екі көк тамыр бар. Осы тамырлардан қан алу арқылы жоғарыдағы ауруды емдейді. Көп жағдайда баптауға байлаған жүйріктің тілі кеберси бастаса тіл астынан қан алады. Қан алған жүйрікті 2-3 күн қозғауға болмайды. Бұлай қан алу тәсілін кез келген уақытта атқара беруге болады.

 

6. Шұрайдан қан алу

Жылқы арықтап немесе арқа жауырдан белі кетіп әлсірегенде артқы екі аяғы мен сауыры бұратылып жүре алмай шойырылады. Бұл дертті сауықтыру үшін шұрайдан қан алады.

Емдеу тәсілі. Алдымен шойырылған жылқыны шұрайлап алады. Одан кейін ұзын бізбен үстіңгі ерін орайының ортасынан танаудың ұшындағы шеміршегіне жеткенге дейін бойлата шаншып қан шығарады. Шұрайдан қан алынған жылқыны 3 айдан астам уақыт күтімде ұстаған жөн.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: