21:56
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР

3. Танау қуысынан қан алу

Жылқы өкпесінің шырышты қабаты қабынған жағдайда немесе өкпеге су толып, өңеші бітеліп, шұрылдақ пайда болса, сондай-ақ, іші қатып, тынысы тарылса, танаудың желбіршек қуысынан қан алады.

Емдеу тәсілі. Танау қуысының екі жағынан да қандауыр шаншиды. Қос танаудан бірдей қан ағызады. Дәл осы тәсілмен жылқының кеңсірігіндегі құртты да түсіріп, ішек ауруларын емдеуге болады. Қан алған соң екі апта күтімге алады.

 

4. Көздің суағарынан қан алу

Жылқының көзі ауырса, ішіне жел жиналып шаншыса, тезегі қатып түспей қиналса, көздің суағарынан қан алып емдейді.

Емдеу тәсілі. Көздің суағарынан қан алу үшін асқан ептілік қажет. Ол үшін өте қысқа әрі өткір жұқа қандауыр қолданады. Онымен көздің суағар нүктесін шаншып қан шығарады. Шаншыған соң көзді күніне екі рет суық сумен жуып, үш күндей тұрақты түрде ұнтақталған қант себеді. Суағарынан қан алған жылқыны екі ай күтімде ұстайды. Сол сияқты, жылқының ми қабатына қан жиналса, күнсоқты болса, бауыры қабынса осы тәсілді қолданып емдеуге болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: