10:16
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫДАН ҚАН АЛАТЫН НҮКТЕЛЕР

1. Шықшыт тамырдан қан алу

Жылқының маңдай терісі тақырланып, самай һәм бетінің түгі мезгілсіз түлей (түсе) бастаса немесе мініс үстінде мінезі өзгеріп ала қашатын, үркектей беретін әдет пайда болса, шықшыттан қан алу арқылы емдейді.

Емдеу тәсілі. Шықшыттан алуды кез келген уақытта іске асырмайды. Ең қолайлы мезгіл көктемнің алғашқы және жаздың орта айы. Шықшыттан қан алу үшін жылқының басын төмен тұқыртып байлайды. Жіңішке таспа қайысты қылмойынға қылқындыра орайды. Нәтижесінде, шықшыттың тамыры білеуленіп одырайып шыға келеді. Осы сәтте қандауырмен тамырлы шетіп 400 грамм қан шығарады. Одан кейін тамырдан аққан қанды тоқтату үшін жылқының басын жоғары көтеріп байлайды. Шықшыттан қан алдырған жылқыны 4 айға дейін мініс-жүріске қолдануға болмйды.

 

2. Кекіл-маңдай тамырдан қан алу

Баптауға байлаған жүйріктің бабы бұзылғандықтан тыныс алуы тарылып, тіпті құлап қалатын жағдайлар кездеседі. Құламағанның өзінде тыпырлап, тынышы кетіп қиналады. Жылқы бұндай күйге түскен жағдайда оның кекіл-маңдай тамырынан қан алады.

Емдеу тәсілі. Жылқының кекіл-маңдай тамыры омырау тамыр нүктесімен байланыста болады. Сол себепті қандауырдың қандау көлемін (ұзындығын) 5 сантиметрге сәйкестендіріп, дәл маңдайдың ортасындағы нүктеден 2 елі жоғары, яғни, кекілдің төменгі түбінен бір дүркін шаншиды. Одан кейін омырау өндіршекпен жалғасқан жердің терісін қолмен тартып тұрып, үстіңгі жағынан өткір кездікпен үш елідей тіліп, қалта жасайды. Бұлай емдеген жылқыны бүтін жыл мінбейді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: