22:05
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

ҚУЖАУЫРЫН

Белгісі. Атты алыс қашықтыққа мініп, шаршатып-шалдықтырса зорығып, екі жауырыны бірдей семіп, бұғанаға жабысады, аяғын баса алмайтын халге жетеді.

Емдеу тәсілі. Құрысып қалған жауырынын жазу үшін, бір кісі жетектеп, екіншісі күштеп айдап, үлкен арықтан секіртеді. Арықтан секірте алмаса, жығып жіберіп, артқы екі аяғын байлап, алдыңғы баса алмай аяқтарын шашасынан жіп байлап, қарулы азаматтар ары-бері тартқылайды. Бұдан дауа болмаса, жауырынның басын тіліп, бір кесе жылы қойдың майын, қойдың асық жілігінен істелген шүмек арқылы үрлеп құяды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: