09:21
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

ІШ ҚҰРТ

Белгісі. Жылқының ішінде (көмекейінде, асқазанында, құрқарнында) сол сорғыш құрттардың алуан түрі кезігеді. Мәселен, көзге әрең шалынатын қызылды-жасылды жіңішке құрттар, ұзындығы бір елі ешкінің қылшығындай жіңішке ақ құрттар, сыдырған қайыс қанжыға сияқты таспа құрттар, сиырдың оқырасы сияқты үлкен қызыл құрттар болады. Осы құрттар шамадан тыс көп болса жылқының жегенін бойына жұқтырмайды. Бұндай дертке душар болған жылқы күздің қарабасында-ақ ішін тартып, ари бастайды, ілініп қыстан зорға шығады. Жазда шелдене тойынбайды. Құйымшағын тасқа немесе ағашқа үйкеп, екі қоңының, құйрық үстінің жүндерін түсіреді.

Емдеу тәсілі. Қаражусанды мол етіп суға қайнатып, суыған соң іш құрты бар жылықыны шөлдетіп алыы суару керек. Қайнатқан уқорғасын суымен суаруға да болады. Қозының құмалағындай тотияйынды күйгізіп ұнтақтап бір ожау сүтке езіп аузынан немесе тік ішектен құю керек. Қазіргі таңда жылқының іш құрт ауруын жоятын дәрі-дәрмектер де баршылық. Сондықтан іш құрт болған жылқыны мал дәрігерлеріне көрсетіп емдеген жөн.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 29 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: