09:38
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ҚАЗАҚЫ ТӘСІЛДЕРІ

ІШ КЕБУ

Белгісі. Бұл бес түлік малдың бәрінде де кездесетін дерт. Десе де қолда жемделген жылқы түлігінде жиі кездеседі. Жылқы секемшіл, кірпияз жануар. Ол зиянды жем-шөптің бір түйірін де, бір талын да сезе біледі әрі жемейді. Бірақ ашыққанда олай емес, жемнің көгеріп, шірігенін, борсып сасығанын, ащы-тұщысын, бөрткен-бөртпегенін қаперіне алмай жейді. Сөйтіп, қалай болса солай желінен жем қорытылмай іште сасып борсиды. Тіпті ішкі құрылыс (ішек, қарын) басқа да мүшелердің (өкпе, жүрек, бауыр) қалыпты жұмысына қолайсыздық туғызуы мүмкін. Осылай жылқының ас қорыту жолдарында бітелген жем-шөп ішін кептіреді. Іші кепкен жылқы жарылып кетердей тырсылдап, қабырға, шеімршектерді сырқа теуіп тынысы тарылады. Қайта-қайта аунайды, тыпырлайды, жүріп бара жатып кілт тоқтайды да жата қалады. Жүргенде сенделіп, аяғын шалыс басады, алды-арты бірдей сүрінеді. Денесі қалшылдап дірілдейді, қатты терлейді. Көз жанары әлсіреп, қызарып, өлімсірейді. Тынысы тарылып жиі ентігеді. Егер дертті елеп-ескермей емдеуді кешеуілдеткен жағдайда жылқы уланып өліп кетуі де ықтимал.

Емдеу тәсілі. Жылқының ас қорыту жолын тазалау үшін ащы айранға ас тұзын езіп, жұтқызу керек. Сонда жылқының іші тазарады. Болмаса, қанжылым суды тікішек арқылы айдап, қартасын шаяды. Күшпен қуалап айдап, желдіріп, ішін (айдататын) түсіретін тәсіл де бар.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 34 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: