21:47
Атбегілік арналары

БИЕ және ҚЫМЫЗ

Бие баудың жерін таңдау. Бие баудың орнын таңдап алудың өзіндік жөн-жобасы бар. Өйткені шөбі сұйық, ащылы және құнарсыз, жауын суы тоқтайтын ойпаң жерге бие байламайды. Жақын маңда таза бұлақ немесе табиғи су көзі болса тіпті жақсы. Сондай-ақ желідегі құлынның табаны тозатындай тастақ, қатты жер жарамайды, мүмкіндік болса, қрытысы шымды дөңестеу жерді таңдаған дұрыс.

Құлын ноқтасы. Құлынның ноқтасын жұмсақ әрі жауын суына ширығып басын қыспайтын материалдан жасаған дұрыс. Егер ноқта құлынның басын қажап, ақау түсірсе, ол құлын болашқта бас асау болары анық. Ноқтаның сағалдырығын өзінен шығарған дұрыс.

Құлынды күздің қара суығына дейін байлаған жағдайда ол төзімді, қыстан қиналмай шығатын өмір сүруге бейім болады. Бірақ құлынды желіде қақтықтырып, етін арылтып, арықтатуға болмайды.

Желібау. Желібауды су тигенде ширап қысқармайтын берік әрі жуан арқан-жіптен жасайды. Ұзындығы 15-20 құлаштан кем болмағаны тиімді. Байланған құлындардың арасы бір құлаштан кем болмауы керек. Құлын байланған алғашқы аптада ол үйренгенге дейін бір адам желі басында көз жазбай күзетіп тұруы қажет.

Желібауды үнемі ауыстырып, көшіріп отырған орынды. Жауынды-шашынды жер сазды болса, 3-4 күнде, ал жай күндері 10 тәулікте бір дүркін көшіреді. Күн тым ысып кетсе, желінің басына суық су сеуіп, салқындатып отырады.

Егер құлын күнсоқты болса, тынысы тарылып, жүргенде шайқалып, енесін ембей басын тұқырта береді. Бұндай жағдайда бір литр суға бір уыс ұнды сапырып ішкізеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: