23:29
Атбегілік арналары

БӘЙГЕ және ЖҮЙРІК ТҮРЛЕРІ

Қазақ жүйрік түрлері

Желбегей. Бұл жүйрікті алдынан қарағанда, алдыңғы екі аяғы ширатылған арқан тәрізді елес береді де, артынан қарағанда сауыры шабынған бураның пошымы сияқты төңкеріліп тұрады. Тұрқы ұзын, төрт құбыласы тең, бітімі шойыннан құйғандай келісті көрінеді. Шашасы (жер соғары( ұзын, бақайшығы үлкен, бота тірсек, тұяғы жалпақ, әрі қалың, ұйқышыл, бауыры жазық, маңдайы кере қарыс кең, төс сүйегі қырлы әрі қалың болады. Көбінде мінезі байсалды келеді. Дұрыстап баптаса, бұл жүйрік бәйгенің алдын бермейді.

 

Қызбел. Бұл жүйріктің ерекшелігі – ұшқыр шабады. Алғаш шапқандағы екпіні өте қатты. Ертеде жаугершілік кезінде қарсы жақтың шебін бұзу үшін найза-шоқпар ұстаған сарбаздар қызбелді мініп жарып шығатын болған. Бейбіт заманда мұндай жүйрікті қыз қууға салатын болған. Қазіргі таңда спорттық көкпарға баптап салса, таптырмайтын жылқы. басты сипаты – жирен бас, көзі отты, мінезі ұшқалақ, жеңілтек келеді. Жал құйрығы жұқа, құндыз жүнді немесе өлқая жылтылдақ болады. Ұшасы мен төбе сүйегі биік, түлкі тұмсық, теке мұрын, танаудың ауқымы тар келеді. Қызбелді бәйгеге қоспайды.

 

Босбелбей. Бұл жүйріктің ерекшелігі – жайран бас, көзі отты, мінезі ұшқалақ, жеңілтек болады. Орта қашықтыққа жақсы шабады. Қазақтар босбелбеуді тай-құнан жарысқа салады. Қысқасы, жа кезінде жақсы шабады да, сақаланғанда байырқап қалады. Өте бап таңдайды және бабы бұзылғыш келеді. Сондықтан да босбелбеу аталуы мүмкін. Сипаты – жал-құйрығы жұқа, құндыздай жылтылдаған жұмсақ жүнді. Ұшасы мен төбе сүйегі биік, түлкі тұмсық, теке мұрын, танауының ауқымы тар болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 60 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: