20:36
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАСЫН АНЫҚТАУ

Тіс арқылы жас анықтау

Тісі бүтін жылқы жақсы жайылады, жеген шөбін толық қорытады, қоңы таймайды, суыққа төзімді, ьерік келеді.

Жасы жеткен еркек жылқыда 40 тіс болады. Оның 12-сі астыңғы және үстіңгі маңдай тістер (шөп жұлар), 4-і ат азу, 24-і алқым азу деп аталады. Биелерде 3 тіс (биеге ат азу, яғни сояу тіс шықпайды( болады. Жылқының тісін сүт тіс және сүйек тіс деп екіге бөледі. Сүт тістің өңі аппақ көлемі кішкентай, сүйек тістер сарғыш әрі үлкен, мөрлері терең болады.

Маңдай тістерді: қасқа тіс (ортадағы екі тіс), ішкі тіс (қасқа тістің екі жағындағы) және шеткі тістер деп бөледі. Құлын алғаш туғанда тісі болмайды. Қасқа тістері екі апта ішінде өседі. Ішкі тістері 45 күннің ішінде толық шығады. Шеткі маңдай тістері 9 айың көлемінде өседі. Осы аралықта үш азу тіс шығып үлгереді. Тоғыз айлық құлынның барлық сүт тістері (24 тіс = 12 маңдай + 12 азу) өсіп үлегерді. Екі жасқа дейін сүт тісімен жүреді.

Өйткені төрт түліктің ішінде тек жылқыда ғана асты-үсті маңдай тістер болады. Жылқы тайында тісемейді. Құнанында ортаңғы 2 тіс түсіп, асты-үстінен екі-екіден 4 қасқа тіс көктеп шығады. Бұл тісеу барысы шілде мен қазан айы аралығында болады.

Дөнен шыққанда асты-үстінен екі түс түсіп, тағы 4 тіс көктеп шығады. Бестісінде астыңғы ат азу деп аталатын жалғыз сояу – шеткі тіс пен алқым азудың аралығын жарып шығады. Алты жасында үстіңгі ат азу жарады. Үстіңгі ат азу астыңғы сояу тістен тісі 12 жасқа дейін өткір келеді.

Кейбір жылқыларда өте сирек кездесетін қос азу жарады. Бұндай жылқыны «нысаналы» дейді. Азу жарған биелер де кездеседі. Бұндай биелер көбінде қысыр қалады, атқа бергісіз болады. Бұндай бедеуді қазақтар жауынгерлік сайысқа салатын болған.

Ал шәргез жылқылар тісін тісіне басып жүретіндіктен және көп тістесетіндіктен тісінің мөрі ертерек өшеді. Сол сияқты қолдан жем жеген жылқының алқым азуы ерте кетеді.

Жылқының үстіңгі азу тісі түбірлі, бет жағы төртбұрышты болып келсе, астыңғы азу аша пішінді, кірпіш бейнелі болып келеді. Жылқы өскен сайын маңдай тістерінің түсі мен түрі өзгереді. Мысалы, маңдай тіс ауыз қуысына қарай имек орналасады да, сыртынан ұзын оймыш байқалып тұрады.

Жылқының жасы ұлғайғанда тісі сыртына қарай ойысып, арасы алшақтайды, сауыты аласарады, пошымы өзгереді. Тістің жұлар беті тозғындайды.

Жылқының жасын – сүт тістің сүйек тіске ауысуы, сүйек тістің мүжілуі, тістің сыртқы шыны қабатының өшірілуі, тісеуі, өсуі, өң-түсінің өзгеруі, мұқалуы, мүжілуі, омалуы, тіс қатарының алшақтауы, тістің мілікпен (қызыл еті) жымдасуы, етінің семуі, қашуы, жұлар тістің мөрі, қазынағы, өңездің тоқтауы, маңдай тістің сыртқы бетіндегі шұңғыл өңезді, тіс мөрінің өзгеруіне қатысты анықтайды.

Құлыннан бастап жылқы тоғыз жасқа толғанға дейін астыңғы тісінде мөр тұрады. Ал үстіңгі жағында 13 жасқа дейін мөр тұрады. Мөрі кеткен тіс сарықайрақтанады. Яғни тістің мөрі кетіп, тіс жалаңаштанады. Осы жалаңаш тіс жоғалған соң тісте қараөзек пайда болады. Қараөзек бір қарағанда мөр сияқты бірақ бедері болмайды. Осындай жылқыны қараөзегі айналған кәрі дейді. Қараөзек әуелі астыңғы тіске түседі, 4-5 жылдан соң үстіңгі тіске түседі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 76 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: